Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Қазақстан • 02 Шілде, 2021

Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 02 Шілде, 2021

Қазақстандықтар Құран файлдарын жерсерікке орналастырды

Қазақстанда тіркелген Eurasian Space Ventures (ESV) жеке компаниясы бизнестің қатысуымен әлемдік ғарыш жобаларының орталығы болуды жоспарлап отыр. Бұл кеудемсоқтық емес. Жақында ғана ESV бірден екі ғарыштық бастамасын жария етті, олар цифрлық қауіпсіздікке ғана емес, сонымен бірге білімге қол жеткізу шеңберін кеңейте алады. Екі жоба да әйгілі кәсіпкер және жаңалыққа құштар Илон Маск SpaceX Falcon 9 зымыранының бортында жүзеге асырылды.

Қазақстан • 02 Шілде, 2021

Қазақстанда құрылыс нысандары салынбай қалуы мүмкін

Еліміздегі бірқатар құрылыс нысаны сол күйі салынбай қалуы мүмкін. Себебі шикізаттың қымбатттауы мердігерлерді тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 02 Шілде, 2021

Жаңа әкімшілік соттар ашылды

Еліміздің аумағында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыған орай, 21 маман­дандырылған әкімшілік сот (МӘС) жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті іске асыру үшін өз жұмысын бас­тады.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Араб әлеміндегі қазақ елшілері

Қазақстан егемендік алған сәттерден бастап, белсенді түрде әлем елдеріне таныла бастады. Қазақтың көк байрағы жаһан мемлекеттерінің астаналарында көтеріліп, дипломатиясы алғашқы қадамдарын жасады. Тоқсаныншы жылдар қазақ дипломатиясының қарқынды екпін алу мен салтанатты шеруінің уақыты десек, қателеспейміз. Бұл саңлақ елшілерімізбен дипломаттарымыздың шыңдалудан өткен кезеңі еді.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Сыртқы саясаттың саңлағы

Ел мен елді жақындастырып, өзара жылы шырайлы қарым-қатынастардың орнығуында дипломатиялық қызметтің атқарар рөлі зор. Дана халқымыз оны «Елдестірмек – елшіден» деген бір ауыз сөзбен түйіндеп берген. Қандай кезде де шиыршық атқан оқиғалардың бел ортасында жүретін елшілік қызметкерлері тарихқа ықпалын тигізе алады деген сөз де тектен-тек айтылмаса керек. Бұл олардың іс-қимылына берілген биік баға екені белгілі. Міне, осындай дипломатиялық қызметтің жілік майын шағып ішкен халқымыздың мақтан тұтар ұлдарының бірі – бүгінде сексеннің сеңгіріне шаршамай-шалдықпай көтеріліп отырған тұғырлы тұлға Карл Сәрсенов.

Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021

Қазақстан дипломатиясының бүгінгі әлеуеті

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің рес­публика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып үлгерді және бірнеше халықаралық іргелі ұйымдардың абыройлы мүшесі болды. Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем геосаясатында ерекше мәнге ие болып отыр.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Жаңа кодекс күшіне енді

1 шілдеде елімізде жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. 

Саясат • 02 Шілде, 2021

«Бұл қайдан келген әкім?» деген сұрақ енді қойылмайтын болады

Елімізде ауыл әкімдерін тұрғындардың тікелей сайлау мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Халық бұған әбден дайын деп айтуға болады.

Саясат • 02 Шілде, 2021

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне-конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.