Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21617 материал табылды

Саясат • 02 Шілде, 2021

Мемлекет басшысының маңызды бастамасы

Бейнеконференция форматында ҰҚШҰ Пар­ла­менттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітімгершілік мәселелері бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысының арнайы өкілі институтын құру туралы бастамасы талқыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Серпінді стратегиялық серіктестік

Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Орталық Азия аймағындағы жетекші қаржы орталығы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Саясат • 02 Шілде, 2021

Гендерлік теңдіктің салиқалы саясаты. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау жалғасатынын мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Өнер • 02 Шілде, 2021

Домбырамызды дүниежүзіне танытсақ...

Елбасының 2018 жылдың 13 маусымындағы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленгені және оны шілденің алғашқы жексенбісінде бүкіл ел болып тойлағанымыз барша қазақ жұртына ерекше рухани серпіліс әкелгенінің куәсі болдық. Елдегі басқа ұлт өкілдері де ұлтымыздың киелі аспабы – домбыраның қадір-қасиетіне айрықша зер салып, оның ұлылығын сезінген шығар. Бұл мерекенің тағылымдық мәні тіпті жоғары болды. Ол, сөз жоқ, алдағы уақытта анық байқалатын болады.

Өнер • 02 Шілде, 2021

Қазақ күйінің бір пірі

Әр дәуірге тән күй өнерінің классиктері болады. VII ғасырдағы Қобыз күйінің классигі – Қорқыт ата (түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жырау) десек, ол біздің жылсанауымыздан бұрынғы III-II ғасырларда дүниежүзіне үстемдік құрған сақ, ғұн, қыпшақ дәуіріндегі домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғылармен орындалған мифтік сарындағы «Боздала», «Бозайғыр» күй мәнерін ұлғайтып, өз күйі – «Өмір жырын» соныдан тудырды. Сол негізде түркі халықтарына ортақ күй мұрасы «Қоңыр күй» стилін жасап, адамзат баласына күй тартудың жаңа соқпағын салып берді. Ал енді сол екі арада он төрт ғасыр өткенде, яғни ХХІ ғасырда Секен Тұрысбек қазақ күй өнерінің әлемдік классигіне айналды.

Руханият • 02 Шілде, 2021

Ұлт киесі: Соғыс өртімен шыр еткен сәби немесе алғашқы сыр

Сіз ұлттық әдебиетіміздің көрнекті жазушысы Софы Сматаевтың кіндік қаны тамған топырағын, өскен ауылын­ көрмеген шығарсыз. Он мыңнан астам тұрғыны бар Ақадыр стансасынан оң­түстікке қарай 100 шақырымдай жол жүрсеңіз, алдыңыздан «Киік» деп аталатын ауылды кездестіресіз. Темір жол бойындағы шағын станса. Қазіргі кез­де­гі халық саны мыңның айналасында.

Ел және Елбасы • 02 Шілде, 2021

Ел үшін тыным таппаған

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туа біткен қадір-қасиеті, дара біткен қарым-қабілеті, мен айтар едім даналығы, кейде тіпті әлдекімге күмәнділеу көрінгенмен артынша дұрыс, дұрыс болғанда да ел үшін  өте қажет болып шығатын, алысты болжайтын көрегендігі оның қарамағында қызмет еткен бізді қайран қалдыратын. Сырт көзге көп көріне бермейтін елдің ертеңін ойлаған беймаза көңілі, қала берді кәдімгі пендеге тән адами, ақжарқын қалпы, ел ішіндегі жайлы, жақсы жаңалықтарға бәрін ұмыта шын қуанатын шуақты келбеті жадымның бір түкпірінде қылаң беріп тұрады.

Руханият • 02 Шілде, 2021

Дәуір дидарындағы домбыра

Қазақ зерттеушілерінің көбі домбыра текті музыкалық аспаптың ең кемі алты мың жылдық тарихы бар деп жорамалдайды. Бұған негіз: 1986 жылы атақты Майтөбе жайлауынан этнограф Жағда Бабалықұлы тапқан таңбалы тасқа қашалған бейне, оның неолит дәуірінің жәдігері екені жөнінде археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар жасаған пайым. Қазақ топырағында көне аспаптан бір белгі қалғандығын растайтын айғақ осы.

Оқиға • 01 Шілде, 2021

Такси жүргізушілерін өлтірген қылмыстық топ сотталды

Шымкент қаласында такси жүргізушілерін тонап, өлтірген қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды. Төрт қылмыскердің екеуі қалған өмірін темір тордың арғы жағында өтейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.