Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21620 материал табылды

Тәуелсіздік • 02 Маусым, 2021

Тәуелсіздік және ұлттық тарих

1991 жылы  16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» заң қабыл­да­ды. Бұл – еліміз бен хал­­қы­­мыз­­дың болашақ дамуын, ер­тең­гі тағ­дырын анықтаған аса ма­ңыз­ды, тарихи құжат. Осы құжаттың қабыл­дан­ған күні елімізде жыл сайын ең бас­ты мемлекеттік мейрам – Тәуел­сіздік күні ретінде аталып келеді.

Тарих • 01 Маусым, 2021

Құндақбай мерген

Қазақ неге патшалық Ресейге де, Кеңес өкіметіне де қарсы шықты? Ұлтты момақан етіп суреттеудің де ауылы шындықтан алыс. Қазақ ешқашан емпең қаққан жасық болған емес. ХХ ғасырдың басындағы тарихқа үңілген сайын осыған көзіміз жетіп келеді.

Кино • 01 Маусым, 2021

Қуатты насихат құралы

Қазір әлемдегі бұқаралық қарым-қатынас түрлері ішінде ең көп сұранысқа ие, халықтық сипаттағы ең ықпалды өнер – кино. Оның бүгінгі қоғамдағы орнының айрықша екені де сондықтан.

Кино • 01 Маусым, 2021

Бүгінгі киноның беталысы қалай?

Кино – кез келген ұлттың бет-бейнесін, өмір сүру салты мен ойлау жүйесін, тіпті сол халықтың өткен тарихы мен өткелек жолдарын көрсететін айна іспеттес көркем өнер.

Тарих • 01 Маусым, 2021

Алтынсарин және ұлттық әдеби мұра

Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби-мәдени мұраны зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ фольклорын игеру саласындағы жұмыстар тек жалпылама сипаттан аса алмай қалды десек, тарихи шындыққа қиянат жасаған болып шығатыны анық. Жалпыдан жалқыға қарай даму заңдылығына орай басқа ғылым саласы секілді әдебиеттану да әр халықта өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен қалыптасады. Сол жинау-жариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу секілді жалпы мәндегі жұмыстардан ғылыми тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын жолдар бастау алады.

Руханият • 01 Маусым, 2021

Ұрпақтан айырылып қалмайық

Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты.

Қоғам • 01 Маусым, 2021

Ұлт мақтанышына айналған азамат

Көбей (Көпжасар) ағадан аяқ астынан көз жазып қаламыз-ау деген ой ешбірімізде болған жоқ. «Өмір – өткінші» дейтіні сондықтан болса керек атам қазақтың. Асыл ағамыздың арамыздан кеткеніне де, міне, жылға жақындапты.

Руханият • 31 Мамыр, 2021

Аңшылық – қазақтың байырғы кәсібі

Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние. Алайда кейінгі уақытта аңшылықты кәсіп қылғандардың қарасы азайып барады. Бұл да заманның озығы не тозығы шығар?

Экология • 31 Мамыр, 2021

«Бекіре» акциясы Мемлекетке 9 млрд теңге залал келтірудің алдын алды

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының су айдындарында және Қазақстан Респуб­ликасының Каспий теңізіндегі іргелес аумақтық суларында биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министр­лі­гінің аумақтық бөлімшелері бекіре және басқа да балық түрлерінің уыл­дырық шашу кезеңінде «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 31 Мамыр, 2021

Аштық және ұлт тағдыры

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы және осыған байланысты басталып кеткен ұйымдастыру жұмыстары ұлт тарихындағы аса қасіретті кезең – Аштық тақырыбына да сәулесін молынан түсіреді.