Қазақстан • 19 Қазан, 2020
Тоғызыншы территория: көшті қайта жандандыру керек
Еліміз егемендік алған тұста, яғни тоқсаныншы жылдардың басында демографиялық салада көңілге қаяу салған жайттар аз болған жоқ. Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамында болған одақтас республикалар жеке-жеке отау құра бастағанда қазіргі ТМД аумағындағы көші-қон үдерісі қарқын алды. Бір ғана 1991-1995 жылдар аралығында Қазақстаннан 3,5 миллион адам тарихи отанына көшіп кетті. Бұл жағдай дүниежүзілік саяси картада ойып тұрып орын алған, жер аумағы бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған Қазақ елінің демографиялық ахуалына кері әсер етті. Міне, осы кезеңде өткен ғасырдың алғашқы жартысында орын алған алапат ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезінде бүкіл әлемге тарыдай шашыраған қандастарымызды тарихи Отанына қайтару жұмысы қолға алына бастады. Содан атажұртқа ұлы көш ағылды. Осы мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Кезінде тәуелсіздік алған тұста, 1991-1995 жылдары Қазақстаннан 3,5 миллион халық көшіп кетті. Сол көрсеткіш бойынша халық саны 14 миллионға дейін түскен. Қазіргі уақытта қайта қалпымызға келіп жатырмыз. Оның ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз сырттан келді», деген еді. Жалпы, көші-қон саласында жалпақ жұрт біле бермейтін өзіндік проблемалар бар. Олар өз кезегінде еңсерілуі тиіс. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті атажұртқа ат басын бұрған қандастар, шеттегі ағайынды елге шақыру мәселелерін жиі көтеріп келеді. Бүгін де біз аталған тақырыпта сарапшылардың қатысуымен онлайн режімде дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов, «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ еліміздегі ішкі көші-қон саласындағы игі бастамаларға ұйытқы болған азаматтық қоғам өкілдері де осы дөңгелек үстел жұмысына қатысқан еді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Подгорное елді мекеніне Арыс қаласынан қоныс аударған ерікті Серік Әлтаев, Түркістан облысы Ордабасы ауданынан қоныс аударып, Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Сорочинка селолық округінің әкімі атанған Берік Қалмұратов бар.
Қоғам • 19 Қазан, 2020
Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмірге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналардың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыртады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекітілген алиментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Керісінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып іздетіп, жұмыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әкелер де көп кездеседі.
Саясат • 19 Қазан, 2020
Тұрақты комиссия жұмысына қатысты
Сенат депутаттары бейне конференция арқылы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Пікір • 19 Қазан, 2020
Адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне маңыз беріп, басты бағыт етіп ұсынды. Бұл ұлттық саясаттың табиғи ресурстарға сеніп қалмай адами капиталды орнықты дамытуға негізделгені.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңесі (Ватикан) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Өрт – тілсіз жау. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін алапат апат. Айтып келмейтін апат табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиянын келтіреді.
Оқиға • 16 Қазан, 2020
Үнді жайрасы (дикобраз) – еліміздегі ең ірі кеміруші санатынан. Бұл аң түрі негізінен Талас Алатауындағы, Қаратаудағы, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі орман-тоғайларды, өзен аңғарларын мекен етеді екен. Тұрқы – 60-90, құйрығының ұзындығы – 12-15 сантиметрдей, салмағы 15-27 килограмдай болады.
Таным • 16 Қазан, 2020
Сарытұңғиық (Núphar lútea) – нимфалар немесе тұңғиықтар (Nymphaeaceae) тұқымдасына жататын, су бетінде қалқып тұратын, судың түбіне беки өсетін немесе суға жартылай батып өсетін көпжылдық гигрофитті өсімдіктер. Сарытұңғиық «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық парк аумағынан 2019 жылы Қатынсу өзенінің N 46036.330/ E 081058.282/ координатымен тоған суынан тізімделді. 2020 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Оқиға • 16 Қазан, 2020
Бурабай ауданының полицейлері Kaspi Gold картасынан ақша қаражаты ұрлығын ашты.
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Жаңа толқын бәсекеге қабілетті болуы тиіс
«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты мен «ENACTUS Kazakhstan» қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жастардың жаңа буынын даярлау және тәрбиелеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіледі.