Абай • 17 Қыркүйек, 2020
Жалпы, Абай дегенде, абайтану ғылымы дегенде, классик жазушымыз Мұхтар Әуезовтің есімі алдымен аталатыны заңдылық. Абай жайында жазылған көркем туындылардың ішінде, сөз жоқ, «Абай жолы» роман-эпопеясының жөні де, орны да мүлде бөлек. «Абай жолы» арқылы қазақ көркем сөзі, қазақ прозасы бүкіл дүниежүзі классикалық әдебиетінің биігіне көтерілді.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2020
Мұнайлы ауданында аурухана жоқ
Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы әлемді жайлаған індеттің салдарынан тұралап қалған ел экономикасын қалпына келтірудің нақты бағдарларын көрсетті. Мемлекет басшысы қоғамдық өмірдің маңызды салаларына кеңінен тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Осы орайда мен Президент белгілеген бірқатар маңызды бағыттарға қатысты өзімнің көзқарасымды ортаға салуды жөн санадым.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020
Сенат қабырғасында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы бүгінгі жаңа жағдай, қазіргідей талап пен міндет нақтылана түсіп отырған келелі кезеңде кім-кімнің болсын санасына жеткілікті жетек болды деп түсінемін.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2020
Серіктестікке серпін беретін құжат
Менің ойымша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында коронавирус пандемиясынан кейінгі елдің жағдайын түзеу жолдары мен мақсаттарын нақты көрсете білді.
Технология • 17 Қыркүйек, 2020
Белсенділендірілген көмір – made in Shubarkol
ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысында іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясы өндірілді. Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңындағы химиялық зертханада өнімге талдау жасалып, оның сапасы өте жақсы екені расталды.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2020
Жылу электр орталығы газға көшіріледі
Жылудың және электр энергиясының негізгі көзі саналатын Алматы ЖЭО-2 толығымен газға көшіріледі. Бұл туралы бүгінде қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту бойынша жұмыс жүргізіп отырған «Самұрық-Энерго» АҚ-та айтылды.
Медицина • 17 Қыркүйек, 2020
Инфекция жұқтырған дәрігерлерге төлем берілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1,6 мыңға жуық медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды.
Таным • 17 Қыркүйек, 2020
"Красная звезда" редакторының алғысы
Кейін қарай жатпай, жалдана көтерілген Баукеңнің селдір, бурыл шашы, қасқалана түскен кең, жазық маңдайы, солғын тартқан аясы үлкен отты жанары, пышақ жанығандай суалған жағы, әжім шимайлаған ақсұр жүзі, етек-жеңі сәл жалпайыңқыраған жоталы қыр мұрыны, қолдарының сыртындағы адырайған көгілдір тамырлары көзге тым қораш көрінеді. Өрмекші-кәрілік: «Торыма түстің бе? Мықты болсаң, енді құтылып көр!», – деп өктемдік сыңай танытып, сес көрсеткендей.
Технология • 17 Қыркүйек, 2020
Кәдеге жарату алымы техника паркін жаңартады
Кәдеге жарату алымын енгізудің басты мақсаты – ескірген, ауыл шаруашылық техникасы паркінің шамамен 80%-ын жаңарту, сондай-ақ ел аумағында оқшаулау деңгейін арттыруды ынталандыру.