Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24556 материал табылды

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент ел аумағында танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлердің мол екенін атап өтті.

Пікір • 22 Қаңтар, 2026

Ұлттық мүддені тоғыстырған алаң

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай халық бірлігін нығайту, әділ, дамыған Қазақстанды қалыптастыру, жүйелі реформаларды ілгерілету және түйінді мәселелерді талқылау мақсатында ашық алаң ретінде қызмет етіп келеді.

Саясат • 22 Қаңтар, 2026

Бизнес мәселелері жүйелі түрде шешіледі

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бірінші кеңес өтті.

Білім • 22 Қаңтар, 2026

Жас ғалымдарға арналған мектеп

С.Торайғыров университеті базасында жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған Қысқы мектеп ұйымдас­ты­рылды. Оның мақсаты – жоғары білім саласындағы жас оқытушылар мен зерттеушілер арасында кәсіби диалог орнатып, ғылыми және академиялық трендтерді педагогикалық қызметте тиімді пайдалану. Сондай-ақ ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мүмкіндігін кеңейту.

Саясат • 22 Қаңтар, 2026

Мәжілістегі фракция жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжілістегі сая­си партиялардың фракция жетек­шілерімен кездесті.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2026

Баспа саласы білім мен мәдениеттің сенімді тірегіне айналуы тиіс

Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар кітапхана, цифрлық мұра және білім мазмұнына қатысты елдің рухани даму бағытын айқындады. Бұл бастамалар баспа саласына да жаңа жауапкершілік жүктейді.

Өндіріс • 21 Қаңтар, 2026

Өндіріс болмай, өркендеу жоқ

Еліміз экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру әрі жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында нақты қадамдар жасап келеді. Соның ең маңызды бағытының бірі – экономикаға инвестиция тарту.

Пікір • 21 Қаңтар, 2026

Қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы Қазақстанның Халық кеңесін құру жөніндегі бастамасы – елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа кезеңіне сай келетін, уақыт талабынан туындаған өте маңызды әрі салмақты қадам деп санаймын. Жалпыұлттық диалогқа арналған кең әрі тұрақты платформа құру – қоғамдағы түрлі көзқарасты бір арнаға тоғыстырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтудың тиімді тетігі.

Пікір • 21 Қаңтар, 2026

Саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы

Құрылтайда ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған маңыз­ды мәселелер айтылды. Бүгінгі жиында саяси жүйені одан әрі жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қатысты өзекті бастамалар көтерілді.

Пікір • 21 Қаңтар, 2026

Дамуға негіз боларлық бастама

Ұлттық құрылтайдың V отырысында қабылданған шешімдер ел дамуына ай­тарлықтай әсер етеді. Сая­си жүйедегі бұл өзгерістер мемлекеттік басқа­ру­да лауазым ие­ле­рінің тағдырын халықтың үні­мен, пікірімен байланыс­тыратын тетікке айнал­мақ. Парламент­тің ендігі жерде «Құрылтай» деп ата­­луының өзі ұлттық ерекшеліктен бөлек, сай­­лан­­ған азаматқа жауапкершілік жүктейді деген сенімдемін.

Яндекс.Метрика