Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2020
Мұнайлы ауданында әлі күнге дейін жеке аурухана жоқ - Сенат депутаты
Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауында әлемді жайлаған індеттің салдарынан тұралап қалған ел экономикасын қалпына келтірудің нақты бағдарларын көрсетті. Мемлекет басшысы қоғамдық өмірдің маңызды салаларына кеңінен тоқталып, нақты тапсырмалар берді.
Қаржы • 15 Қыркүйек, 2020
Салық жөніндегі мәліметтерді түзете алады
Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін «Салық әмияны» қызметінің «Салық салу объектілері» бөлімінде түзетуге мүмкіндік бар.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ең басты мәселелерге назар аударып, қоғам мен мемлекетімізде стратегиялық бағыттар бойынша қандай өзгертулер жасау керек екенін айқындады. Мемлекет басшысы басты құжатта сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жолын кесу мәселесіне айрықша тоқталды.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2020
Корпоративтік басқару қоғам үшін маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын көлемді бағдарлама деуге болады. Онда көтерілген мәселелердің барлығы да қоғам үшін маңызды.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2020
Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту – өзекті мәселе
Қазақстан халқына Жолдауында Президентіміз Қ.Тоқаев жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау арқылы олардың әлеуетін пайдаланып, аймақтық азық-түлік хабтарына тарту мәселесіне баса назар аударды. Субсидиялау және салықтық жеңілдіктер бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу жөнінде нақты міндеттер қойды.
Технология • 15 Қыркүйек, 2020
Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқытылады
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен бірлесіп 2020 жылғы 23 қыркүйек мен 5 қараша аралығында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқыту өткізеді.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2020
Тең құқылық пен жарыспалық әділдіктің кепілі болады
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің кезекті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деп атап көрсетті.
Абай • 15 Қыркүйек, 2020
Құбылыс Жеті қат жердің тектоникалық қозғалысы мен сілкінісінен жанартаулар пайда болатыны сияқты уақыттың ұзақ толғағынан дүниеге мың жылдықтарда бір келер, қайталанбас, қайтып тумас, даналық пен даралықтың үздік үлгісі – ұлылардың ұлысы әлемді жалт қаратып, таңдай қаққыза тамсандырып, ашады өмір есігін. Бұл жүз, мың жылда болатын оқиға емес, бірнеше мыңжылдықтарда бір-ақ мәрте болатын құбылыс!
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2020
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2020
Жаңа сервис медициналық ұйымдардағы бос орындар туралы ақпарат береді
Енді «Ашық деректер» порталының сервистерін пайдаланатын әзірлеушілер нақты уақыт режімінде COVID-19 науқастарына арналған медициналық ұйымдарда бос орындардың бар-жоғы туралы ақпаратты көре алады. Сондай-ақ қажетті медициналық техниканың болуын бақылай алады.