Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020
«Әйелге тән емес» кәсіпте әйелдердің жетістігі көп
Энергетика дәстүрлі түрде ерлер саласы болып саналады. Күйзеліске төзімділік, қатаң талапшылдық, жылдамдық және кей кезде салқынқандылық – энергетик жұмысындағы осы қасиеттер мықты ер адамның бейнесін сомдайды. Дегенмен әйелдер де электр энергетикасы саласында бұрыннан өздерінің берік қағидаларын ұстанған.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2020
Тағдырдың жазуына амал бар ма? Сұм ажал тамыздың екінші жұлдызы күні Алаштың арда ұлы, ел мақтанышы Жақсылық Үшкемпіровті арамыздан алып кетті. Төбемізден жай түскендей болды. Жақсылықпен таныс болған қырық жылға таяу уақытта төрт Олимпиада ойындарында, Алматы мен Астанада өткен қысқы Азия ойындарында, бірнеше халықаралық жарыстарда, Өскемен мен Семейде, Шығыстың аудандары Көкпекті, Жармада бірге болған едік. Сонда байқағаным, Жәкең нағыз халықтың сүйікті ұлы болды.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2020
...Осыдан біраз ғана уақыт бұрын Спорт күні қарсаңында болған әңгіме кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мынадай ақпарат айтып, жүректі аунатып түсірді: «Бүгінгі біз әңгіме өткізіп отырған жекпе-жек сарайын, аманшылық болса, спорттағы батырымыз, еңбектегі еріміз Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың атымен атайтын боламыз! Бұл ұсынысты Парламентіміз де, Президентіміз де қолдап отыр!».
Таным • 10 Қыркүйек, 2020
Майя өркениеті күнтізбелер жүйесі мен сәуегейліктің ғылыми негіздері
Бүгінгі Мексика жерін біздің заманымыздың V-X ғ.ғ. аралығында мекен еткен майялардың биік өркениеті, әсіресе олардың математикасы мен күнтізбелер жүйесі әлемді әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Оларды 40 жыл бойы зерттеп-зерделеген көрнекті америкалық ғалым, математик, тарихшы, өнертанушы әрі суретші Хосе Аргуэлльес майя ғылымы мен білімінің негізінде жазған өзінің «Майя факторы» атты құнды монографиясымен қатар басқа да елеулі ғылыми еңбектерін жариялап, жиырмасыншы ғасырдың соңына таман Уақыт заңын ашты және оны бүкіл әлемге паш етті.
Саясат • 09 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританияда пост-коронавирус дәуіріндегі ядролық қарусыз әлемнің болашағы талқыланды
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Лондон университетінің Халықаралық зерттеулер және дипломатия орталығымен бірлесіп өткізген онлайн-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдық мерейтойына және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Петропавлдық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған адамды ұстады
Петропавлдық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша 100 мыңнан астам бұзушылық анықталды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының маңызды мәселелеріне арналған бейнеконференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2020
Әділдік – дамудың маңызды шарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттігін алға тартып, халқымыздың үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерге ие болуы – ел ертеңі үшін айрықша маңызға ие екендігін айтты.
Пікір • 09 Қыркүйек, 2020
Ахаңды айтқаны – Алашты айтқаны
Сөз жоқ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы бұл мемлекеттің жыл бойғы бағыт-бағдары, ұлттық бағдарламасы басты құжаты болып саналады. Сондықтан болар, жұрт әр Жолдаудан елеңдеп жаңалық күтеді.