Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Медицина • 29 Шілде, 2020

Пандемияны сақтықпен және сабырмен жеңеміз - Бауыржан Рақышев

Жаһанды жаулаған пандемия адамзаттың өмірін бір мезетте күрт өзгертіп, қарусыз жаумен бірге соғысуға мәжбүр етті. Алғы шепте – дәрігерлер. Қызыл жолақтың үстімен күн сайын ары-бері өтіп, қауіп-қатермен бетпе-бет күресіп жүрген медицина саласының мамандары халықты әрі сақтыққа, әрі сабырға шақырады. Осы орайда "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының өткен жылғы жеңімпазы, А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышевта пандемия кезінде халыққа кеңес беруді азаматтық міндеті санайды.

Пікір • 29 Шілде, 2020

Шектеу мен тыйым – баршамыздың мүддеміз

Әлемді алқымынан қысқан коронавирус пандемиясының құрсауында отырғанда амалсыз өткен замандағы осыған ұқсас індет жайлаған шақ және онымен күрес көз ал­ды­мыз­ға келеді. Денсаулық сақтау халық комис­са­риа­ты­ның 1924 жылғы мамырдың 24-дегі бұйрығымен алқа мүшесі Халел Досмұхамедұлы оба індетіне қарсы күресу Орталық комис­сиясының төрағалығына тағайындалған.

Экономика • 29 Шілде, 2020

Қандыағаш – Мақат жолы ашылады

Қазақстанның батысында екі өңірді байланыстыратын республикалық маңызы бар негізгі жолдардың бірін қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Руханият • 29 Шілде, 2020

«Таласа ағып Таласпенен, құйылса екен өлеңім...»

Қарағандының Бейбітшілік гүлзарында бала Пушкиннің ескерткіші тұр. Мен оны 1967 жылы көргенде, он жеті жастағы бозбаламын, ол әппақ мәрмардан жасалған еді. Кейінде оны қап-қара ғып бояп тастапты... Қазір маған сонысы ұнамайды. Алғашқы қалпы бұдан гөрі поэтикалық бояуға толы, бұдан гөрі әдемі еді ғой? Қасына күнде келіп, таңғажайып қиялға батушы едім...

Таным • 29 Шілде, 2020

Келлер жазбасындағы деректер

Өлке тарихындағы біз білмейтін ақтаң­дақтардың ақиқаты Ұлы дала­мызға қадам басқан әр зерттеуші мен саяхатшының еңбектерінен көрініс табады. 1928 жы­лы Мәскеу қала­сында белгілі биолог, академик Борис Келлердің «Орал қаласынан Индер тауына дейін» атты еңбегі жарық көреді. Таралымы – 10000 дананы құ­раған. Зерттеуші Келлер бұл еңбегінде біздің өлкеміздің тарихына қатысты ауқымды деректерді баяндайды.

Руханият • 29 Шілде, 2020

Қазына мен базына

Кітапқұмарлық Бүгінде кітап оқу азайды. Есе­сіне көпшілік көк жәшік­ке тел­­міреді. Ол да емес: қолтеле­фон­ға тәуелді. Бұрын қалай еді? Ер­теректе ел жаппай кітап оқитын. Кі­тап жинайтын. Қойшының керзі етігінің қонышында, я қоржынында «Жұлдыз» журналдары жүруші еді, шиыршықталған... «Кезінде біз дүние жимадық, оның орнына кітап жинадық», дейді еліміздегі ең бай кітапхана иелерінің бірі Мырзатай Жолдасбеков.  Рас, кезінде кітап жинау бір­қатар қазақ жазушыларының хоббиі еді. Қадыр Мыза Әлінің жеке кітапханасы да өте бай бол­ған көрінеді. Мәскеуден шығатын «Книжное обозрение» газеті ар­қылы жаңа кітаптар тізімін жа­сап алып,іздеп жүріп, қолына түсіреді екен. Қаламгерлер С.Мұ­қанов Ә.Нұршайықов, Қ.Мұха­меджанов, Ө.Нұр­ғалиев, Ә.Нілібаев, Т.Ме­дет­бектің жеке кітапханалары да олқы түспеген. Кезінде олар да кітап дүкендерінен, табыл­ма­ған­дарын «Букинист» кітап желі­сінен, тіпті қара базардан қарап жүріп жинауды машық етіпті. Қа­дыр ақынның кітап қоры 10 мың, базбіреу одан да көп болған дейді. Анығын білмедік, бірақ ақынның «азартный книголюб» болғанын мына бір өлең жолдары айшықтайтындай: «Ұйқымды талай бұздым да, Ұяңа тыным бергем жоқ. Тап өстіп сұлу қыздың да, Соңына түсіп көргем жоқ». (Қадыр Мырза Әлі).

Абай • 29 Шілде, 2020

«Китаб тасдиқ» Абай шығармашылығының негізі

Әуелі басы былай басталып еді: «Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз.

Коронавирус • 29 Шілде, 2020

COVID-19: Өңірлерде оң өзгеріс бар

Елімізде коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Руханият • 28 Шілде, 2020

Алғыс арқалаған ақ желеңді абзал жан еді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордалық №2 көпсалалы ауруханасының директоры Иван Иванович Лидің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Таным • 28 Шілде, 2020

Сәтсіздіктер мен сәттіліктің сыры неде?

Тақырыбы риторикалық жалғыз ғана сұрақтан тұратын, бірақ жауабы сан-қырлы бұл түйткілді мәселені қаузауға «Why Nations Fail. The Origins of Power, Prosperity, and Poverty» («Мемлекеттер неге күйрейді. Билік, өсіп-өркендеу және кедейліктің түптамырлары») атты 2012 жылы Нью-Йорктегі «CROWN BUSINESS» баспасынан жарық көрген әлемге әйгілі және іргелі экономист-ғалымдар – Дарон Аджемоглу (Daron Acemoglu) және Джеймс А. Робинсон (James A. Robinson) есімді ғұлама авторлардың аталмыш терең туындысы түрткі болғанын жасырмаймын. Себебі, бұлай деуге негіз болатын тарихи және әділ шындыққа негізделген дәйекті дәлелдер әлгі ғылыми-сараптамалық шығармада менмұндалап тұр.