Таным • 15 Шілде, 2020
Дарьинскіге барған сапарымда даңқты жазушы М.Шолоховтың мемориалдық музейінде болғанда, музей ауласындағы биік тұғырда тұрған шынжыр табанды «ДТ-54» тракторы мен полуторка машинасын көргенмін. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Правда» газетінің тілшісі ретінде жазушымыз осы полуторкамен майдан даласындағы әскери бөлімшелерді аралап, отты жылдардың шежіресін тарқатқаны күмәнсіз.
Руханият • 15 Шілде, 2020
Қазақ елі қажырлы қаламгер, қастерлі перзентімен қоштасты. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұқамбетқалиұлының жетпіс сегіз жасында жер бетіндегі сапары аяқталды. Ақтөбе өңірінің Қызылбұлақ ауылынан басталған жастықтың жалғызаяқ соқпағы ерен еңбектің, елдік мұраттың, елге деген махаббаттың, кеңдік пен кісіліктің, тазалық пен тұлғалық болмыстың, толғамы толымды, жазғаны мол үлкен жүректі жазушының жолына айналды.
Үкімет • 14 Шілде, 2020
Тұрақтандыру шаралары қабылданды
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды.
Руханият • 14 Шілде, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі
Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады.
Руханият • 14 Шілде, 2020
Біз қазір қиын кезге тап болып отырмыз. Тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жау шапқандай күйдеміз. Алматыдағы ағайындарды былай қойғанда, сонау Шымкент, Тараз жақтан қаралы хабарлар көбейді. Осы бір індеттен бақилық болған барша отандастарымыздың жандары жәннатта шалқысын.
Пікір • 14 Шілде, 2020
Бұл – қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.
Пікір • 14 Шілде, 2020
Кеше мемлекетіміздің Туы түсіріліп, еліміз мешіттерінде Құран қатым дұғасы оқылды. Жиілеп кеткен жаманат хабардан қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқы қаншама аяулы азаматынан айырылды.
Руханият • 14 Шілде, 2020
Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейнебір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.
Пікір • 14 Шілде, 2020
Тап осындай азалы күнді бүкіл ел болып бастан кешеміз деп ойлап па едік! Тарихқа қарап отырсақ, адамзат талай індетті бастан өткерген екен.
Пікір • 14 Шілде, 2020
13 шілде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Аза тұту күні деп жарияланды. Расымен де, біздің еліміз ғана емес, күллі әлем қазір қиын жағдайда тұр.