Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1682 материал табылды

Қоғам • 29 Қаңтар, 2024

Ауылдың астынан «су» шықты

Бас басылымның «Егеменге елден келді» айдарымен Казатком ауылы тұрғындарының шағымына байланысты «Ауыл ауыз су құбырын тартуға наразы»(№51, 2019 жыл) атты мақала шығып, онда суы бар елге тағы қосымша су желісі тартылып, орынсыз мемлекет ақшасының шашылуына саналы түрде жол берілгені атап көрсетілген еді. Топалаңнан өлген мал өлекселері көмілген аймақтан өткен жаңадан төселген су құбырлары қазіргі істеп тұрған өзіміздің суға жалғанбай, одан бері 5 жылдай тыныштық орнаған сияқты еді. Бірақ олай емес екен, біз ұмыта бастағанмен әкімдер ұмытпапты. Бұл мәселе облыстық «Алатау арайы» басылымының былтырғы №17 санында жарқ етіп қайта көтерілді.

Тұлға • 29 Қаңтар, 2024

Сара апаның соңғы сапары

Елімізде әйел жазушылары арасында алғаш роман жазған Сара Мың­жасарованың туғанына 100 жыл толып отыр. «Оқитын өлке» облыстық акциясының биылғы таңдауына осы автордың шығармалары енді. Жазу­шылықты кеншінің қауіпті де азапты еңбегіне теңеген Сара қыздың туған жері — Шалқар өңірінде осыдан бір жыл бұрын аудандық балалар кітапханасының атсалысуы­мен «Қазақтың тұңғыш романист қызы» атты әдеби кеш өткізілді. Атал­ған танымдық шараны ұйымдас­тыру барысында қаламгердің көзін көрген­дерді іздестіріп, естеліктерін тың­даған едік.

Қоғам • 28 Қаңтар, 2024

Мамансыз іс мандымайды

«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек», депті Ахмет Байтұрсынұлы. Иә, ұлт жұмысы – шынында үлкен жұмыс. Ел болған тұста сол ұлт жұмысына көп болып жұмылдық, бірлікке ұйып, білек сыбана кірістік. Бұл жолда тапқанымыз да бар, жоғалтқанымыз да шаш-етектен. Енді барды айтамыз, кем-кетікке келгенде бірімізге біріміз қараймыз, көктен түсе қалғандай бұл не сұмдық деп «көсіле» шабамыз. Тізгініне «жабысып», шылбырынан жетектегендер де, мін таппай қызыл сөздің көркін қыздырғандар да қалысар түрі жоқ. «Шабысқа» жаңа толқын да қосылады. Оларға дау айта алмайсың. Талабың теріс деуге қақың қайсы?

Халық • 28 Қаңтар, 2024

Қазақ – қашанда қазақ!

Қазақстан • 26 Қаңтар, 2024

IT салаға – айрықша назар

Әлем жыл емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Жұмысты ұйымдастырудың, басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралып, жаңа технологиялар, мамандықтар мен салалар пайда болып келеді. ХХІ ғасырдағы жаңа мамандықтардың көбі IT саласымен байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында да жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімді тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі туралы айрықша айтылған.

Сұхбат • 26 Қаңтар, 2024

Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті маман даярлау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты кезекті Жолдауында: «Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек. Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн. Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет» деп орынды атап өтті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы университеттің басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы, PhD Айжан ТЕМЕРБАЕВА айтып берді.

Пікір • 25 Қаңтар, 2024

Бүгін мен болашақтың айқын бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еgemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты республикамыздың қоғамдық-саяси, рухани кеңістігінде елеулі оқиға болды.

Пікір • 25 Қаңтар, 2024

Бастамаларға тың серпін береді

Президенттің жылашар кезеңдегі сұхбатында еліміздің 2023 жылғы ішкі және сыртқы басымдықтарды қамтитын маңызды аспектілерін кеңінен талдап, қорытындылады.

Пікір • 25 Қаңтар, 2024

Жастар қуаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында сая­си, әлеуметтік, экономика салаларын­дағы қоғамда өзекті бірнеше мәселе жайында жан-жақты сөз қозғалды. Оның ішінде Президент саяси реформалар негізінде жастарға берілген мүмкіндіктерге тоқталды.

Ауыл • 25 Қаңтар, 2024

Шекарадағы ауылдың жабылғаны кімге тиімді?

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды. Президент ауылдарды көркейтейік, дамытайық деп бастама көтеріп отырғанда, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар атқамінерлері стратегиялық маңызды елді мекендерді «жабылатын ауыл» қатарына енгізіп жатыр.