Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19031 материал табылды

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Үміткерлер өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда

Елімізде сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кандидаттар сайлауалды бағдар­ламаларын қазақстандықтарға түгел жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын барынша тиімді қолдануда. Сондай-ақ әлеуметтік желілердің бұқаралық сипат алған заманында үміткерлер жеке парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып, басты ұстанымдары жөнінде кеңінен хабар беріп жатыр.

Қоғам • 24 Мамыр, 2019

Әлеуметтік жаңғырудың алдында тұр

Қазақстандық қоғамның экономикалық жіктелуі Джини коэффи­циентіне сәйкес – 0, 287 деңгейінде байқалған. Салыстырмалы түрде алғанда, Ресейде бұл коэффициент – 0, 41. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде орташа есеппен – 0, 316-ны көрсеткен. Мұндай статистикалық деректерді «Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруының бағдарлары» халықаралық ғылыми конференциясының қатысушылары жеткізді.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Журналистің бойтұмары – идеялары

Сәрсенбі күні Алматыда басталған XVI Еуразиялық медиа-форум кеше ресми әрі салтанатты түрде ашылып, жұмысын жалғастырды. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына ар­налған халықаралық жиынға Пар­ламент Сенатының Төрағасы форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты. Сонымен қатар форумға Армения Президенті Армен Саркисян келді.

Руханият • 23 Мамыр, 2019

Тұңғыш Президент кітапханасы «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасын іске қосты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтті.

Саясат • 23 Мамыр, 2019

Сенат Төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы, Еуразиялық медиа форумның Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Алматыда форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 23 Мамыр, 2019

Бал татыған балауса үн

«Астана» концерт залында «Айналайын» бала­лар хорының құрыл­ғанына 20 жыл толуына орай «Абыройы асқақ, «Айна­лайын!» шығар­машылық кеші өтті.

Туризм • 23 Мамыр, 2019

Туризмді дамытудың бағыттарын ұсынды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары оқу орнының талантты, шығармашыл студенттерімен бірлесе отырып, «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алды.

Президент • 22 Мамыр, 2019

«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Р.Эванс, Тұңғыш Президенттің көмекшісі Д.Ақышев, басқарма мүшелері және Қордың ұлттық компанияларының басшылары қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президент– Елбасының Баспасөз қызметі xабарлады.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын марафон өтті

Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтеді. Бұл марафонды біріктіріп тұрған осы тақырып сізге де жақын екенін айта кеткен жөн.

Экономика • 21 Мамыр, 2019

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда 320-ға жуық жоба іске қосылады

Бүгін Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтарды (ИА) дамыту мәселесі қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.