Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18939 материал табылды

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Куба және Қазақстан әйел құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту жолында бірлеспек

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Алматы облысында марал атқан азамат ұсталды

Президенттің еліміздегі флора, фауна және жануарлар әлемін сақтау туралы Жарлығын іске асыру мақсатында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жалаңаш» шекара бөлімінің аумағында бірнеше арнайы шекаралық операция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Не ексең, соны орарсың

Елімізде егіс науқаны басталды. «Көктемнің бір күні – бір жылға азық», дейді халқымыз. Бірақ егіншілік саласында шешімін таппай жүрген мәселелер әлі де көп. Мәселен, еліміздегі басты дақылымыз – жаздық бидайдың орташа түсімі шамамен 1 гектардан 12 центнер болса, бізге ұқсас климаттық жағдайдағы Канада 27 центнер өнім алады. Соңғы 15 жылда Қазақстанда егін шығымдылығы орта есеппен 15%-ға өссе, басты сауда бәсекелестеріміз – Ресей, Канада және Аустралияда 30-40%-ға өскен. Дәл осындай деректерді майлы дақылдар, көкөніс және жемшөп бойынша да келтіруге болады.

Қазақстан • 16 Мамыр, 2021

Жаһандану және түпнегізге оралу: Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты ой

Өзара сауда өсіп, саяси, мәдени қарым-қатынастардың нығаюы негізінде, оның үстіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарышты дамуының себебінен әлем елдері бір-біріне ажырамастай байланған. Біз бұл процесті жаһандану деп жүрміз.

Экономика • 14 Мамыр, 2021

Ұлттық банк кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижелерін жариялады

2021 жылдың I тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит департаментінің директоры Жандос Шаймарданов түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 14 Мамыр, 2021

Футбол: «Астана» қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі он бірінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 14 Мамыр, 2021

Гала-балеттер: би көркемдігі

16 және 18 мамыр күндері елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында Ресейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың Гала-балеттерінің эксклюзивті, сан алуан авторлық бағдарламалары өтеді. Көрермен қауым дарынды әртістердің бірқатар айтулы дебютімен жарқын нөмірін тамашалап, лайықты бағасын бере алады.

Руханият • 14 Мамыр, 2021

«Ән» бе, «үн» бе?

Абайдың ел арасында жиі айтылатын 1898 жылы жазылған «Желсіз түнде жарық ай» атты лирикалық әні бар. Бізге белгілі басылымдарда осы өлеңдегі бір-екі шумақ «Тау жаңғырып ән қосып, үрген итпен, айтаққа» деп жазылған. Белгілі әншілеріміз де әнді осы мәтінмен орындайды.

Руханият • 14 Мамыр, 2021

Журналист Қасым

Менің негізгі мамандығым, кәсібім – адам баласының мінезін зерттеу. Әркімнің мінезі әр ісінде ізін қалдыратыны ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген. Сол себепті, мен өз зерттеуімнің әуел басынан ең алдымен Қасым Аманжоловтың Семейдегі, Оралдағы, Алматыдағы ортасын анықтап алуды ұйғардым.

Қоғам • 14 Мамыр, 2021

Аты-жөнімізге абай болайық

Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай қазақ азаматтарының алдында тұрған негізгі мәселенің бірі – аты-жөнін біріздендіріп жазу. Маған бұл тақырыпқа пікір жазуды ұсынған – қазақ жастары. Ұсыныстары орынды деп ойлаймын. Себебі егемен елімізде аты-жөнімізге «ұлы», «қызы» деген сөздерді қосып, әртүрлі жазып келеміз. Кейбіреулер жынысын атау­сыз да жазады. Әртүрлі себептермен патша заманының орыстары пайдаланған «ев», «ов» деген жалғауларды қосып та жазып жүр. Сонымен қатар Қазақстанда ресми мекемелерде қазақтардың орыстар сияқты «отчес­т­восын» жазып және солар сияқты бірін-бірі атап жүргендер де бар.