Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
СҚО-да жыл басынан бері 68 интернет-алаяқтық тіркелген
Интернет – алаяқтық схемалары да қазір жетілдірілуде. Ондайды тіпті таныстар мен әріптестер де жасайтын болып барады. Жуырда банк саласында қызмет ететін 23 жасар Петропавл тұрғыны несиеге жиһаз алмақ болып барса үш ай бұрын өзінің атына 225 мың теңгенің заемы «алынғанын» біліп, шошып кетеді. Жұмыстағы әріптесі куәлік және банк карточкасының номерін біліп алып, оның атына заем рәсімдеген екен.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2020
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беруде. Азаматтар сұрақтарын облыс орталығында және өңірдің барлық 13 аудандарындағы полиция бөлімдерінің фронт-офистерінде, Nur Otan партиясының филиалдарында, сондай-ақ, Сall-орталықтар мен WhatsApp мессенджерінде қоя алады.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2020
Петропавлда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
Әлеуметтік желінің «Telegram» арнасындағы 3,5 мың қолданушы жинаған мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан петропавлдық қолға түсті. Өздеріне белгілі сөздермен сауда жасаған соң сатушы есірткіні қаланың әрбір ауданындағы қуыстарға қалдырып отырған.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Көше мәдениеті де, көлік жүргізу тәртібі де төмен
Жыл басынан бері Петропавл қаласында патрульдік полицейлер 4400-ден астам құқық бұзушылық анықтаған. Бұл 220 мыңдай ғана халқы бар қала үшін өте үлкен көрсеткіш.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов үстіміздегі жылдың екі айының қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қараған отырыс өткізді.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Үздік үрдіс үлгісі (Дамыған ауылды көргіңіз келсе, «Целинныйға» барыңыз)
Солтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық қуаттылығы жоғары, жер көлемі үлкен, халқының саны көп аудандардың бірі – Ғабит Мүсірепов ауданы. Аудан облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Сондықтан мұнда облыс орталығына сапармен келген жоғары дәрежелі қонақтар, депутаттар мен шенеуніктер келе қоймайды.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2020
Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынына дайын екендіктерін мәлімдеді
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқыны жағдайына тұрақты бақылау жүргізуде екенін мәлімдеді. ТЖ аумақтық органының басшы құрамы мен мамандары жергілікті жерде елді мекендер мен коммуникацияларға қауіп-қатер деңгейін анықтау үшін, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда алдын алу сипатындағы шараларды қабылдау үшін облыс аудандарына шығуда.
Саясат • 12 Наурыз, 2020
Тексеріс тиімділігі немесе бюджет қаржысына бақылау орнатылады
Қазір бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыруды бақылаумен Президенттің Жарлығымен құрылған тексеру комиссиясы айналысады.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Жол апатына жол бермеу жолындағы күрес
Солтүстік Қазақстанда жол жағдайын жақсарту бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі болып отыр. Көлік апаттарының көбі нақ осы жолдың тайғағынан болуда. Күндіз жылымықта еріп, түнде қататын қарғын суы ертеңгі түске дейін жолды көктайғақ қылады. Сондықтан жолдарды күту міндетін мойнына алған кәсіпорындар үйілген қарды жолдардың бойынан тезірек әкетіп, қалған бөлігінің еріген суы жолда қалмай, ағып кетуі үшін суағар құбырларды үнемі аршып тұрулары керек. Облыстық Полиция департаментінің әкімшілік бөліністері осы тапсырманы үнемі қадағалап, қатаң бақылауына алған. «Жолдың бойындағы қалың қардың тазаланбауы өту жолдарын да тарылтып, жол көлік апаттарының туу тәуекелін тудырады», дейді Солтүстік Қазақстан Полиция департаментінің бастығы, полковник Марат Төлебаев.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық қуаттылығы жоғары, жер көлемі үлкен, халқының саны көп аудандардың бірі - Ғабит Мүсірепов ауданы. Аудан облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Сондықтан мұнда облысқа сапармен келген жоғары дәрежелі қонақтар, депутаттар мен шенеуніктер келе қоймайды. Ондайлар келмеген соң аты мен заты да БАҚ беттерінен көріне бермейді. Жуырда «Егеменнің» қосынына келген «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжіновтің ұсынысымен жолдың көктайғақтығына, желдің өткірлігіне қарамай осы алыс ауданға сапарға шыққан едік.