Аймақтар • 09 Қаңтар, 2020
Қызылжарда «қызық қуғандар» құрықталды
«Әй дер ажа, қой дер қожа жоқтың» ақыры Петропавл көшелерінде үрлемелі матрацты машинаға тіркеп алып сырғанауға жеткізді. 7 қаңтар күні шектен шыға құтырған 19 бен 20 жастағы есерлер тобы қала көшелерінің қақ ортасында машинаға тіркелген матрацтың үстінде ауыздарына келгенін айғайлап, көше тәртібін бұзып, басқа көліктерге соғыла жаздап, жол апаты қаупін туғызған. Есерлердің әбден шектен шыққаны сондай, матрацтың үстіне музыка да орнатып, оны барынша айғайлатып, әдепсіз сөздерді де қарша боратқан, онымен де қоймай түрлі-түсті бояуларды жан-жағына шашқан.
Қазақстан • 07 Қаңтар, 2020
Ақтөбелік хоккейшілер қар құрсауынан құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысының батыс шекарасын басып, Ақтөбе облысының хоккей командасын алып бара жатқан «Neoplan» атты автобус «Тимирязев-Сарыкөл» тас жолының 18 шақырымында биік жолдан тайып кетіп, 6 сағат бойы қар құрсауында қалған. Автобуста команданың барлық 28 хоккейшісі болған.Жүргізуші биік қар атжалдарынан айналып өтпек болғанда жолдан түсіп кеткен екен.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020
СҚО полициясы жылды қорытындылады
Былтыр Солтүстік Қазақстанда барлығы 6381 қылмыс тіркеліпті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда жеті пайызға төмен. Соның ішінде кісі өлтіру, денеге ауыр жарақат салу, тонау сияқты ауыр қылмыстар азайған. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің былтырғы жұмысын қорытындылаған кеңесте департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев атап өттті.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020
СҚО-да қар құрсауынан 20 адам құтқарылды
Қыстың көзі қырауда қатты бораннан жолда қалу және оның аяғы трагедиялық жағдайға соқтыру Солтүстікте жиі кездеседі. Жуырда Ғ.Мүсірепов ауданынан қайтып келе жатқан жолаушылар да тап осындай жағдайға тап болған.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жылды қорытындылаған форумы болып өтті.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
СҚО-да Үкіметтік емес ұйымдардың жылдық нәтижесі қаралды
Кеше СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев облыстағы бірнеше аудандағы ҮЕҰ жұмысының жылдық нәтижесін қарап, алдағы уақытқа белгілеген жоспарларын талқылаған отырыс өткізді.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Құмар Ақсақалов: Облыс экономикасын аграрлықтан аграрлы-индустриялыға бұру міндетіміз
Кеше Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде қоғам қайраткерлері, БАҚ пен саяси партиялар өкілдері, бизнес қауымдастығы қатысқан кеңейтілген отырыс болып, онда экономиканың барлық саласы бойынша жаңа жылдағы жұмыс жоспары жарияланды. Отырысты жүргізген өңір басшысы Құмар Ақсақалов сөзді әр саланың басшыларына беріп отырды.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2019
СҚО-да қаруды тіркеу тәртібін бұзған 278 адам жауапқа тартылған
Президент Қ.Тоқаев 25 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Өзгерістер мен толықтырулар азаматтық және қызметтік қару айналымына қатысты.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Аласапыран заманда атқа міндік...
Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен орнаған жоқ. Оған қарсылардың көп болғанын, солтүстік облыстарды Молдовадағы «Приднестровье» сияқты бөліп әкетуге тырысқандардың жүген-құрықсыз жосығанын осы күнгі жастар біле бермейді. Сол кезде, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысындағы қатер үлкен еді. Біз сол күндерде жергілікті биліктің басында болып, үзіліссіз он бір жыл бойы облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Құдайберген Қалиев ағамызбен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Пиротехникалық өнімдер сататын орындар тексерілуде
Жаңа жылдың қарсаңында полицияға қосымша проблема жүктейтін нәрсе – пиротехникалар. Оны орынсыз қолданудың кесірінен талай бала жараланып жатады. Сондықтан СҚО полицейлері республикалық «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасына белсене қатысып, сауда орындарын тексеруді қолға алды. Оның мақсаты – адамдарды сапасыз от шашулар мен петардаларды пайдаланудан болатын қауіптерден сақтау.