Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Есірткіге қарсы күресте бетперде де пайдаланылуда
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен еріктілері бүгінгі күні сұранысқа ие болып отырған бетперделерге "Есірткіге жол жоқ" логотипін жапсырып, студенттерге, көп балалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдеріне 2 мың данасын тегін таратты. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері акцияны өткізу үшін еріктілермен бірлесе отырып, осындай бетперделер дайындаған еді, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Офицер мамандардың ұстаханасына айналған Ұлттық ұлан әскери институты Үкімет қаулысымен өз есігін 1997 жылдың 18 наурызында Петропавл қаласында ашқан болатын. Сол жылдың 20 желтоқсанында оқу орнына еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, жеке құрамға Жауынгерлік туды табыстаған еді. Сол кезде сардарлар мен курсанттар алдында сөз сөйлеген Елбасы: «Солтүстік өңірдің қатаң климатында білім алып, тәрбиеленген курсанттар әбден шыңдалып, еліміздің офицерлер корпусын лайықты толықтыратынына сенімдімін» деген болатын. Осы уақытқа дейін әскери оқу орны 3,5 мыңнан аса офицер маманды даярлап, ел әскері қатарына қосты. Олардың дені бүгін Ұлттық ұлан әскери бөлімдері мен батальон звеносында қызмет етсе, кейбір алғашқы түлектер полковник шеніне жетті.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалмайды
Биылғы оқу жылының алғашқы екі тоқсаны онлайн режімде оқылып, оқушылардың көшеде жүруі жылдағыдай көп болмайтындығына қарамай Петропавлдың полицейлері қалыптасқан дәстүрге сәйкес оқу жылының қарсаңында жасөспірімдермен профилактикалық жұмысты күшейтуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында "Skoda Superb" автомобилі түнгі мезгілде келе жатып, кенеттен жолда пайда болған елікпен соғысқаны туралы барлық әлеуметтік желілерде жарияланған еді. Бұл туралы Egemen.kz те ақпарат таратқан еді.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2020
Петропавлда камералардың көмегімен 6549 оқиға анықталды
Бейнебақылау камералары қалалық полицейлерге тәулік бойы қылмыспен күресуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Полицияның 1300-ден астам бейнекамерасы облыс бойынша күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін сақтауға жәрдемдесіп тұр. Оның негізгі бөлігі - 410-ы облыс орталығында орнатылған. Жедел басқару орталығының инспектор-навигаторлары олардың көмегімен үш ауысымда құқықтық тәртіпті бақылайды. Негізгі жүктеме осыларға түсіп, тәулік бойы ондаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2020
Сананы тұқыртқан зорлықтардың зияны
2019 жылы «Егеменнің» 100 жылдығына арналып, әр кезеңде осы газетте жарияланған таңдамалы мақалалардың «Жүз жылдық жылнама» атты бес томдығы жарық көрген еді. Бұл мақалалардың бәрі де сол кездегі өмірімізден сыр шерткен, сол заманның тынысын сездіретін кілең маңызды дүниелер. Соның ішінде 1957 жылғы 5 ақпанда жарияланған бір мақала аттап кетуге болмайтын әсер қалдырды. Бұл әлі сталиндік тоңның толық жібімеген, хрущевтік жылымықтың әлі толық күшіне енбеген кезі еді.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2020
СҚО-да алаяқ "жұмысқа тұрғызамын" деп алдап кеткен
Жұмыс іздеп жүрген адамның сенгіш болатыны әуелден белгілі. Солтүстікқазақстандық полицейлерге сондай бір азамат арыз түсіріп, өзін интернет арқылы алаяқ алдап кеткенін жеткізген.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2020
Ауыр жүк тасымалымен айналысатындарды бақылау күшейтілгені жөн
Біздің елімізде жолдар сапасыз салынғанымен қоймай оларды тезірек бүлдіретін ауыр жүктер таситын автомобильдер де көп жүреді. Олар техникалық көрсеткіштерінен асыра жүк тиеп, жолға түсетін қысымды арттыра түседі. Сондайлардың кесірінен бәленбай миллиард шығындап салған жолдар тез бұзылады.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2020
Ақтөбелік жүргізуші СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Жуырда Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Бұл Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Исмагуловтың 20 тонна кебек тиелген жүк көлігі екен. Ауыр салмақты ескі дөңгелек көтере алмай жалба-жұлбасы шығып, жарылған.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Тұрмысы төмен 259 ата-ана ювеналдық полицияда есепте тұр
СҚО-ның ювеналдық полицейлері жазғы демалыс кезеңінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындалуда.