Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
808 материал табылды

Оқиға • 18 Тамыз, 2020

Тарихи нысандар табылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ежелгі Түркістан, көне Шахристан және ортағасырлық магистральды көше бойына жүргізілген археологиялық қазба жұрыстары барысында: ежелгі керуен сарай, монша, керамикалық цех, сонымен қатар мектеп-медресенің оқу бөлмелері қатарлы аса маңызды нысандар табылып отыр.

Руханият • 18 Тамыз, 2020

Ән – көңілдің ажары

Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді Тыңдағанда, көңілдің өсері бар... – деп Абай атамыз айтқандай, шіркін қа­зақ­­тың дәстүрлі әні қандай еді. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэма­сында және халық композиторы Әсет Най­манбайұлының «Інжу-маржан» әнінде айты­­латын: «Шырқатып, шығандатып, ша­лық­татып, Шапшытып, шүмектетіп, нөсер­летіп, Талдырып, талықсытып, тамылжытып, Орғытып, орағытып, баса өрлетіп. Сам­ға­тып, саңқылдатып, cap желгізіп, Ұрын­тып, өршелентіп, бәсеңдетіп. Серпілтіп, су­маңдатып, сексен ырғап, Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп. Қарқынды үн – қан қайнатып, жүрек жұлып, Жан жалмап, көңіл тербеп, әсерлетіп. Төгіліп, баяулатып, сорғалатып...» дегеніндей халықтың әні қазақ­тың көңіл ажары еді ғой.

Тарих • 18 Тамыз, 2020

Астана жұртын айналған...

«Атына тұрман болсам деп, Жұрты­на құрбан болсам деп, Астана жұртын айналған», деп дауыл­паз жыршы Махамбет Өтеміс­­ұлы айтқандай, ХХ ғасырда қазақ төрт астананың жүзін көріпті.

Қоғам • 16 Тамыз, 2020

Білім мен тәрбие беру саласының бірегей тармағы – дене тәрбиесі

Педагог қызметкерлердің республикалық «Тамыз кеңесі» аясында  «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбындағы секциясының онлайн отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 13 Тамыз, 2020

Педогог қызметкерлердің кезекті "Тамыз кеңесінің" онлайн отырысы өтті

Педагог қызметкерлердің республикалық "Тамыз кеңесі" аясында "Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті" тақырыбындағы секциясының онлайн отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 13 Тамыз, 2020

Күлтөбеден ежелгі Ханака табылды

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Eurasian Resources Group (ERG) демеушілігі аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы барысында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғалымдары тың жаңалық ашты.

Абай • 11 Тамыз, 2020

Абаймен «уланған» адам (Эссе)

Бірнеше жылдың алдында қоғам қай­раткері, тіл жанашыры Оразкүл Асан­ға­зы Семейден абайтану­шы ақ­сақал Төкен Ибрагимовты ша­қы­рып, ел­орда төріндегі «Абай» қонақ үйі­нің кон­ференция залында кездесу ұй­ым­да­стырды. Бас қосуға біз де бар­дық. Ақса­қал­ды алғаш көруім. Тілге шешен, сөзге ұста екен. Қазақтың ескі­де­гі билері се­кіл­ді бөбежігі бүлкілдеп сөй­лей­ді. Ойы терең, санасы сергек. Бірді айтып, бірге кет­пейді, пайы­мы жүйелі. Әң­гі­мені түр­лендіріп, ойдан ойды тудырып қамшының өріміндей жіптіксіз жет­кізеді. Расын айтсам, сөздің берекесін бұзбай айтатын адаммен алғаш кез­десуім. Қал­тамдағы ескі диктафонымды қосып қарияның әңгімесін таспаға түсі­ріп алдым...

Руханият • 07 Тамыз, 2020

Қорық-музей ұсынған аңыз-әңгімелер

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі карантин режіміне байланысты бұқара халыққа онлайн қызмет көрсетіп келеді.

Руханият • 03 Тамыз, 2020

Әділдіктен асқан абырой жоқ

Қазақ халқы ежелден әділдікті өмір сүрудің өзегі деп білген. Яғни қай за­манда, қай кезде болмасын қоғамды береке мен бірлікке бастайтын, елдің шаңы­ра­ғын шайқалтпай, іргесін сөктірмей ұстап тұратын ұстыны – әділдік. Атақты қы­тай ғұламасы Күңзі қария «Әділдігі жоқ қоғам – ешқашан кемелденбейді» деген екен.

Абай • 31 Шілде, 2020

Абай мұрасы – ортақ құндылық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұлы ойшылымыздың 175 жылдығына орай қалың жұрттың назарына «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» виртуалды көрмесін ұсынды.