Жәдігер • 13 Маусым, 2024
Ерте дәуірдің әскери-жауынгерлік өнерін зерттеген еуропалық және ресейлік мамандар Мелюкова, Черненко, Смирнов, Хазанов, т.б. еңбектерінде және Оңтүстік Сібір тұрғындарының б.з.б. тұрмыс-тіршілігіне зерттеу жасаған А.М.Кулемзиннің жазбаларында да садақты тұңғыш болып Азия құрлығының тұрғындары қолданғаны хақында айтылады. Бұл деректер аталған өлкелерде жүргізілген археологиялық қазба барысында табылған заттай жәдігерлер арқылы да толық дәлелденіп отыр.
Ұлттық спорт • 11 Маусым, 2024
Жамбы атудан чемпионат аяқталды
Халқымыздың мергендік өнері жамбы атудан жасөспірімдер арасындағы еліміздің ІХ чемпионаты Талдықорған қаласында өтіп, оған 12 облыстан іріктелген 40-қа жуық спортшы қатысты.
Жәдігер • 30 Сәуір, 2024
Қазақтың мергендік өнеріне қатысты қару-жарақ атаулары арасында «әндіген» сөзі көп кездеседі. Мысалы, Ақтамберді жыраудың «Тобықшық толы әндіген, Толтыра тартар ма екенбіз» деген сөз тіркесі бар. Бір қызығы, күні бүгінге дейін біз «әндіген» не зат екенін басып айта алмай жүрміз. Оған себеп, әндіген бірде садақ оғының атауы ретінде айтылса, келесі бір деректе басқа мағына да беріліп жүр.
Архив • 25 Сәуір, 2024
Астана қаласының төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында көне қолжазбалар баршылық. Соның бірі – 1954 жылы Мадрид қаласында Испания мен Колумбия үкіметтерінің қолдауымен «Латын Америка мәдениеті» баспасынан жарыққа шыққан «Жаңа Гранада Корольдігінің ботаникалық экспедициясының флорасы: 1783 – 1816 жж» атты құнды еңбек.
Дәстүр • 25 Сәуір, 2024
Салбурын – саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аңшылық маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр қырандар мен арқалы құр ат, түзу мылтық түгел сайланады. Аңкөс жандар, бапкер құсбегілер, саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, тәжірибелі қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бәрі болады.
Спорт • 15 Сәуір, 2024
Азия федерациясының басшысы сайланды
Биыл қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойны өтетінінен көпшілік хабардар. Аталған дода әлемдік этностық спорт түрлерін насихаттаудың бірегей үлгісі ретінде бағаланып отыр. Осы орайда жоғарыдағы мәртебелі жарыстың алғашқы дайындығы іспетті Шымкент шаһарында тұңғыш рет жамбы атудан ересектер арасында Азия чемпионаты басталды.
Тағайындау • 14 Сәуір, 2024
Жамбы атудан Азия федерациясының басшысы сайланды
Алдағы қыркүйек айының 8-18 күндері Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетіні жайлы көпшілік хабардар. Аталмыш шара әлемдік этникалық спорт түрлерін насихаттаудың бірегей үлгісі ретінде бағалануда, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 01 Сәуір, 2024
Қырғыздың «Манас» эпосында Манас батырдың «Ақкелте» деген шағын зеңбірегі болғаны туралы: «Есіне түсті Ақкелте, Өзегі болат, аузы обыр, Түтіні тұман, дүмі зіл, Көздесең тажал, оғы ажал, Асынып жүрген Ақкелте, Ашуы келсе қырыпсал, Шындығында зеңбірек, Бабын білсең тым бөлек» деп жырланады.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2024
Адамзат тарихында көшпелі ғұндар дәуірі деген кезең бар. Бұл туралы 2010 жылы жарық көрген бес томдық «Қазақстан тарихы» атты еңбектің бірінші томының 245-бетінде: «Ғұндар – б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігі Ордастан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін жайлаған тайпалық одақ» деген пайым айтылыпты.
Жәдігер • 26 Наурыз, 2024
Қазақтың түсінігінде ұлу деген – теңізде тіршілік ететін жұмсақ денелі омыртқасыз жәндік. Басқаша айтқанда, құрттың бір түрі. Адамдар оның сыпырылып қалған сауытын теңіз түбінен тереді. Қатты сауытты құлағыңызға тоссаңыз ерекше уіл естіледі. Ал үрлесеңіз керней дыбысы шығады.