Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
792 материал табылды

Пікір • 20 Наурыз, 2023

Татулық мейрамы

«Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!» деп Абай айтқандай, дүниенің тірегі – татулық. Тату елдің берекесі артады, бірлігі бекиді. Ерте дәуірден бізге жеткен мынадай әпсана бар. Қуаты мығым, жасағы мықты бір пат­ша теңіздің арғы жағында алыста жат­қан бейтаныс елге шабуыл жасау үшін қам жасайды. Әуелі елшілерін жіберіп, аң­дысын байқайды. Жіберген елші-тың­шылары патшаға көрген-білгенін айтып келеді. «Ол елдің бірлігі бекем, ағайын ара­сындағы татулығы тас қамалдай берік екен. Ағасы үшін інісі, елі үшін ұланы жанын беруге даяр тұрған жұртты көрдік», депті тың­шылар. Барлаушылардың бая­нын тың­даған патша басын шайқап: «Тату­лығы терең елді жау алмайды, бірлігі бекем жұртқа жұт келмейді» деген оларға соқтықпайық, жеңіліп масқара болады екенбіз», депті.

Тәрбие • 23 Ақпан, 2023

Әз әже

Жуықта Павлодар өңіріне жолымыз түсті. Осы сапарымызда атамыз қазақтың «жүре берсең, көре бересің» дегеніндей, әз әже, абзал ана, қадірлі кейуананы жолықтырдық. Жарықтық Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жаңатаң ауылында тұрады екен. Жасы 93-те, 1930 жылы дүние есігін ашқан.

Таным • 23 Ақпан, 2023

Саба

«Саба дегеніміз – қы­мыз, шұбат ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен пішіп тігілетін ыдыс. Сабаны шел майы мен көк етін қырып тазалап, ағынды суға байлап шаң-тозаңынан арылтқан және сырт­қы түгін қырып тақырл­аған жылқы немесе сиыр терісінен жасай­ды» деп жазылған екен уикипедиялық анық­тамалықта.

Әдебиет • 14 Ақпан, 2023

Тез

Қазақтың тілдік танымында «тентекті тезге салу» деген тіркес бар. Немесе аталарымыз «Қисықты тез түзейді, бүкірді көр түзейді» деп те айтады. Бұл сөз мағыналық тұрғыдан қоғамда, яғни ел ішінде болатын кейбір қыңыр-қисық, телі-тентектерді жөнге салып, оның мінезіндегі қыңырлықтары мен әреке­тіндегі оғаш қылықтарын жөнге келтіру үшін жасалған шаралар екені анық.

Жәдігер • 14 Ақпан, 2023

Пұшпақ ішік

Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әртүрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілген терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік, т.б. деп аталады.

Пікір • 07 Ақпан, 2023

Көшпелі қоғамның кереметі

Ежелгі ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысы мен қоғамдық құрылымын батыс­тық­тар nomad деп таныса, ресейліктер «кочевники» деген ат қойып жүр. Бұл тіркестер қазір халық санасына терең сіңіп кет­кенімен, мән-мағына жағынан сон­ша­лық мақтанарлықтай атау емес.

Әдебиет • 07 Ақпан, 2023

Талқы

Халқымыздың ауызекі баяндау тілінде «талқыға түсті», «талқыға салынды» немесе «талқыланды» дейтін сөз тіркестері ұдайы кездеседі. Бұл мәтін мағыналық тұрғыдан «сөйлесілді», «келісілді» қатарлы ұғымдардың синонимі іспетті. Осы орайда, жалпы «талқы» атауы нені білдіреді, оның мағынасы қандай әрі бұл қандай зат дегенге тоқталсақ.

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2023

Кестелі шапан

Шапан – халқымыздың ежелден келе жатқан кәделі киімі. Тіпті оның қолданысқа енуі сонау көне ғұн, кейінгі түркі дәуіріне қатысты деректерде кездеседі. Мысалы, ежелгі ғұн мәдениетінің ең ірі үлгісі саналатын атақты Ноин-Ула қорымына ХХ ғасырдың басында қазба жұмысын жүргізген орыс ғалымы П.К.Козлов (1863-1935) ұзындығы 1,17 м, ені (жеңімен) 1,94 м ғұн шапанын тапқанын білеміз. Бұл мұра қазір Эрмитажда тұр.

Ең қысқа әңгіме • 30 Қаңтар, 2023

Күләнда апа

Шамамен 1999 жылдың күз бен көктемінің бірі. Астана қала­сындағы Қалибек Қуа­ныш­баев атындағы Қазақ драма театрын­да ақын-жазушылармен кез­десу өтетін болды. Ел қатарлы біз де бардық. Кездесуді жүргізіп отырған ақын Есенғали Рауша­нов залда отырған қаламгер­лер­ге кезек-кезек сөз беріп қояды.

Спорт • 29 Қаңтар, 2023

Рух

Еркін күрестен екі дүркін Олим­пиада және бір дүркін әлем чемпионы дағыстандық балуан, авар ұлтының ұланы Мәулет Батыров «Кавказ балуандарының басты ерекшелегі қандай?» деген тілші сұрағына: «Біздің жігіттерде рух басым» деп бір ауыз сөзбен жауап берген екен. Соңғы кездері Мәулет балуанның жоғарыдағы бір ауыз сөзі көкейден кетпей қой­ғаны.