Қазақстан • 18 Қараша, 2021
«Интернетті реттеу»: ХІІ Орталық Азия Форумы басталды
Бүгін MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Интернетті реттеу» тақырыбында «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2021» атты XII Орталық Азия форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2021
Қазақстанда 23 бағыттағы авиарейстер субсидияланады
Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қараша, 2021
Еліміздегі егін жинау науқаны аяқталды
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елімізде астық жинау науқаны аяқталды. Биыл 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 18 Қараша, 2021
Тоқаев жаһандық шиеленістер өршіп келе жатқанын айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қазіргі пандемия әлемдік саясат пен экономикаға қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қараша, 2021
Президент ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форумды әзірлеуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форумды әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қараша, 2021
Шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде шекараны бекітуге атсалысқан дипломаттар мемлекеттік нагрдамен марапатталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2021
Халықты отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар – АШМ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенат отырысында халықты отандық азық-түлікпен қамтуға барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
Шымкентте отандық бизнесті дамытуға арналған іскерлік жиын өтті
Бүгін Шымкентте YPO Forum Shymkent үшінші бизнес-форумы өтті. Жаңа жағдайдағы бизнес мүмкіндіктерін қарастыруға арналған форумға қала әкімі Мұрат Әйтенов және Қазақстанның бірқатар беделді бизнес өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2021
ШҚО-да қатты желден бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті
Бүгін Аягөз қаласы мен Ұлан ауданы Бестерек ауылында қатты желдің екпіні салдарынан ғимараттардың шатыры құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қараша, 2021
Әлеуметтік салаға 26 трлн теңге бөлінетін болды
2022-2024 жылдары әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.