Коронавирус • 26 Тамыз, 2020
Қытайда коронавирус вакцинасы қолданылады
Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны шілдеден бастап алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен шекаралық бақылау қызметкерлеріне салып келеді. Бұл туралы Білім және технологияны дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлімдеді.
Әлем • 26 Тамыз, 2020
Майкрософт компаниясы Apple мен Epic Games арасындағы дауға араласып, кейінгісін қолдайтынын мәлімдеді.
Оқиға • 26 Тамыз, 2020
Сирияда газ құбыры жарылып, бүкіл аймақ жарықсыз қалды. Ел билігі жарылыстың қолдан жасалғанын, оны ұйымдастырған ДАИШ террористік ұйымы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Әлем • 26 Тамыз, 2020
Қара теңізден газ қоры табылды
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қара теңізден газ қоры табылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Фатих» бұрғылау кемесі теңіздің Анадолыға тиесілі бөлігінде көгілдір отынның мол қоры бар екенін анықтаған.
Әлем • 26 Тамыз, 2020
«Гольфгейт» Үлкен Филдің соңына жете ме?
Еуропалық одақтың сауда жөніндегі комиссары Фил Хоганның басы дауға қалды. Ирландиялық саясаткердің карантиндік шектеу шараларына қарамастан гольф клубының жиынына қатысуы қызу талқыға түсті.
Саясат • 26 Тамыз, 2020
Ресми сайттарға қашан көңіл толады?
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы нөмірінде «Мемлекеттік сайттар атауы неге мемлекеттік тілде емес?» деген мақала жариялаған едік. Аталған мақалада еліміздегі мемлекеттік мекемелердің сайтындағы олқылықтарды тізіп шыққан болатынбыз. Үш жыл бұрын жазылған мақаладан кейін не өзгерді? Айтылған сыннан қорытынды шықты ма? Осыны білу мақсатында мемлекеттік мекемелердің веб-ресурстарын тағы бір шолып шықтық.
Саясат • 25 Тамыз, 2020
Қоғамдық бақылауды күшейту маңызды
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кеңес өткізгені мәлім. Жиын барысында түйткілді мәселелер төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалды. Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық азаймай тұрғаны рас. Өкініштісі, Transparency International рейтингінде Қазақстан жемқорлық бойынша 180 мемлекеттің ішінде 113-ші орынға жайғасқан.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Қытайдағы Янцзы өзені арнасынан асып, ел билігі су тасқынынан қорғану мақсатында 100 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. The Guardian басылымның хабарлауынша, кемерінен асқан су Сичуан провинциясындағы Үлкен Будда ескерткішіне қауіп төндіріп тұр.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Қазақстан 7 елмен әуе қатынасын жандандырды
Қытайдың Синьхуа агенттігі Қазақстанның 7 елмен әуе байланысын қайта қалпына келтіргенін хабарлады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия секілді елдер бар.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
АҚШ-тағы президенттік сайлауға демократиялық партия атынан Джо Байден қатысады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.