Әлем • 06 Тамыз, 2020
Германияның ұстанымы өзгере ме?
Коронавирус пандемиясы әлемдік саясат аренасына үлкен өзгеріс енгізіп, халықаралық қатынасты қиындата түскені белгілі. Әсіресе шартараптың бұрыш-бұрышынан індет алғаш тараған Қытайға қатысты қатты-қатты сын айтылып жатыр. Әйтсе де, батыс демократиясының белді өкілі саналатын Германия әр сөзіне мұқият мән беріп, айыптауға асығар емес. Бундестагтың бұлай етуінің мәні неде?
Руханият • 04 Тамыз, 2020
Президенттік жастар кадрлық резерві жобасына қатысқан он мыңнан астам жастың арасынан оза шауып, байқау кезеңдерінен сүрінбей өткендердің арасында ағалы-інілі Олжас пен Алмас Сәкеновтер де бар. Таяуда Алмасты әңгімеге тартудың сәті түсті. Ол бүгінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының экономика, денсаулық сақтау мемлекет-жекеменшік әріптестігінің маманы.
Әлем • 03 Тамыз, 2020
Euronews арнасының хабарлауынша, еуропалықтардың өмір сүру жасы ұзара түскен. Мұндай нәтижеге ауа ластануына жол бермеу үшін қабылданған шаралар арқасында қол жетіп отыр. Жүргізілген зерттеулер бойынша, «қарт құрлық» тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 9 айға көбейген. Яғни Air Quality of Life Index түзген тізімде ауаның ластануы адам өміріне тікелей әсер ететіні анықталған.
Оқиға • 03 Тамыз, 2020
Al Jazeera арнасының мәліметтеріне сүйенсек, Біріккен Араб Әмірліктері Парсы шығанағы елдері арасында бірінші болып атом электр стансасын салуға кіріскен болатын.
Әлем • 03 Тамыз, 2020
Қытай әскерін дамытуға басымдық бермек
Синьхуа агенттігінің ақпаратына қарағанда, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қорғаныс пен қарулы күштерді жаңғыртуға және дамытуға басымдық беретінін мәлімдеген.
Әлем • 03 Тамыз, 2020
АҚШ президенті Дональд Трамп «ТикТок» бағдарламасын ел аумағында қолдануға тыйым салатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының сөзіне сүйенсек, аталған қытайлық бағдарлама тұрғындардың жеке мәліметіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ол «Майкрософт» компаниясының «ТикТокты» сатып алуға ниет білдіргеніне де назар аударған жоқ.
Саясат • 30 Шілде, 2020
Уақыт талабына сай батыл қадам жасалды
Парламент VI сайланымның бесінші сессиясын аяқтады. Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы заң шығару жұмысының көлемі бойынша да, қабылданған заңдар шешімін табуға ықпал ететін міндеттер бойынша да өте ауқымды болды. Әсіресе ел дамуына қажетті өзекті заң жобалары Парламент қабырғасында кеңінен талқыланып, қабылданғаны белгілі. Осы орайда, Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 30 Шілде, 2020
«Бүлінген» блогерден өнеге алма!
Қазір әлеуметтік желіде мынадай қызық үрдіс бар. Кез келген даулы оқиғадан кейін кінәлі тарапты ақтаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап шыға келеді. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Әркім әлеуметтік желідегі парақшасына не жазатынын өзі біледі. Әйтсе де, кенеттен бір сарынды жазбалардың қаптап кетуі күмән тудыратыны бар.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Біртұтас нарықты дамыту ынтымақтастықты арттырады
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бастамасымен "Ислам ынтымақтастық ұйымы және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мемлекеттерінде қосымша құн салынған тамақ өнімдерінің біртұтас нарығын дамыту" тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 27 Шілде, 2020
Алыптардың дипломатиялық тайталасы
АҚШ пен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыс қайта ушыға түсті. Бұл жолғы дауды америкалықтар бастады. Өткен аптада Ақ үй басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі Хьюстон қаласындағы Қытай консулдығын жабу үшін 72 сағат уақыт берді. Көп ұзамай Бейжің билігі АҚШ-тың Чэндудағы Бас консулдығын жабуды талап етті.