Еуропалық одақтың сауда жөніндегі комиссары Фил Хоганның басы дауға қалды. Ирландиялық саясаткердің карантиндік шектеу шараларына қарамастан гольф клубының жиынына қатысуы қызу талқыға түсті.

Өткен аптада Ирландиядағы гольф клубтардың бірі 50 жылдық мерейтойын тойлап, салтанатты рәсімге лауазымды қонақтарды шақырған-ды. Олардың қатарында «Үлкен Фил» атымен танылған Хоган мырза да бар. Кейінірек мерейтойлық жиынға 80-нен астам адам қатысқаны белгілі болды. Ирландия билігі эпидемияны таратпау мақсатында көпшілік орындарда 50-ден артық адам жиылмауы тиіс деп шешім шығарған еді. Бірақ даулы іс-шарадан бір күн бұрын ғана індеттің өршуіне байланысты бұл шектеуді 6 адамға дейін қысқартқан.
Мерейтойға көп адамның жиналуы мен карантиндік шектеудің сақталмауы Ирландияда қызу талқыға түсті. Наразылар Фил Хоган бастаған шенеуніктерді қызметінен алуды талап етіп отыр. Өйткені лауазымды тұлғалар пандемия кезінде арақашықтық сақтап, себепсіз далаға шықпауға шақырып, өздері той тойлап жүруі қызуқанды ирландиялықтарға ұнаған жоқ.
The Irish Examiner газеті іс-шара туралы жариялағаннан кейін әлеуметтік желілерде мерейтойға қатысқандарды сынаған жазбалар көбейді. Оған қоса, тыңдармандар радиоға қоңырау шалып, шенеуніктерге өкпесін жеткізді. Осы оқиғадан кейін мерекелік жиынға қатысқан Ирландия ауыл шаруашылығы министрі Дара Галлеари және бірқатар лауазымды тұлға қызметінен кетті. Ал Хоганның «тағдыры» Еуропалық одақтың қолында.
Ирландия парламентіндегі Жасылдар партиясы Ф.Хоганнан өз кінәсін ашық мойындауды талап етіп отыр. Әлеуметтік теңдік жөніндегі министр, Жасылдар партиясының мүшесі Родерик О’Горманның айтуынша, Хоган қоғамның пікіріне құлақ асуы тиіс. «Біз шешім қабылдап, халықтан күнделікті тіршілігінен бас тартып, үйден шықпауды сұрап отырмыз. Бұл қадамның қарапайым тұрғындар өміріне қалай әсер еткенін нақты айта алмаймыз. Сондықтан Дара Галлеаридің қызметінен кеткені дұрыс шешім. Ол қателік жасады», деді ол.
Сенатор Регина Доерти, Ф.Хоганның өзін ақтаудың орнына кешірім сұрағаны дұрыс деп есептейді. «Ф.Хоган өзінің қателескенін айтып, мұндайды қайталамауға уәде беруі керек еді. Ол кешірім сұрауы тиіс», деді сенатор. Оппозициялық партия жетекшісі Мару Лоу Макдональд туиттердегі парақшасында Ирландия парламенті жазғы демалысынан шақырылып, оқиғаны майшаммен қараудың қажетін жазды.
Хоганның өзі іс-шараның карантиндік талаптарға сай келмегенін білмейтінін айтып, ақталып әлек. Оның сөзіне сенсек, ұйымдастырушылар мерекелік салтанат карантиндік шектеуге сай жасалғанына сендірген.
«Мен Оиреахтас (Парламент – А.А.) гольф қоғамының жиынына ұйымдастырушылар мен қонақ үй басшылығы Ирландия қонақ үй федерациясымен келісіліп, мемлекеттің шектеу шараларына сай жасалғанына сендіргендіктен ғана қатыстым», деп жазды Ф.Хоган туиттердегі парақшасына.
Дегенмен, Ирландия қонақ үй федерациясы 50 адамнан артық жиналатын бүкіл шараларға шектеу салынғанын айтады. Премьер-министр Микал Мартин жергілікті телеарналарға берген сұхбатында Хоганның халықтан кешірім сұрауы тиістігіне тоқталып, оны әр сөзіне мұқият болуға шақырды.
«Халықтың ашулану себебін жақсы түсінемін. Бірақ Хоган Еуропалық комиссияның мүшесі. Сондықтан ол Ирландия билігінің юрисдикциясына кірмейді», деді М.Мартин.
The Irish Times газетінің хабарлауынша, салтанатты рәсімге қатысты полиция іс қозғаған. Жалпы, Ирландияда карантиндік талаптарды сақтамай, мұндай жиынға қатысу қылмысқа жатпайды. Әйтсе де, ұйымдастырушы тарапқа қарсы қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін.
Жалпы, бұған дейін Хоган бірнеше рет дауға қалған болатын. 2011-2014 жылдары Ирландияда қоршаған орта, қоғам және жергілікті үкімет министрі кезінде жергілікті салыққа реформа жасауға талпынған. Оның бұл ұсынысы тұрғындар арасында сынға ұшырады. Сондай-ақ оның Дүниежүзілік сауда ұйымының директорлығына өз кандидатурасын ұсынуы Еуропалық одаққа мүше мемлекеттерге ұнаған жоқ.
Фил Хоганның «гольфгейт» оқиғасына қатысты басы дауға қалғанымен, оның қызметінен кетуі екіталай. Біріншіден, Еуропалық одақтың кез келген мүшесі ұйымдағы өз елінің лауазымды азаматын қызметінен алып тастауға құқылы емес.
Екіншіден, лауазымды тұлғаны қызметінен кетіру үшін ЕО-ға мүше мемлекет оның өз еліне қастандық не опасыздық жасағанына шағымдануы тиіс. Сонда ғана комиссар орынтағын босатады.
Үшіншіден, Фил Хоганның қазіргі тағдыры Еуропалық комиссияның президенті Урсула вон дер Ляйеннің қолында тұр. Алайда Урсула ханым сауда-саттық жөнінде бірқатар келіссөздер жүргізіп жатқан ЕО-дағы беделді шенеунікті орнынан алып тастайды дегенге сену қиын.
Бұған дейін Еуропалық комиссия тарихында бір ғана комиссар қызметінен кетірілген. 2012 жылы Мальтаның өкілі Джон Даллиға темекі өндірісіне қатысты заң жобасына түзету енгізу үшін бірқатар компаниядан пара алды деп айып тағылған еді.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, Фил Хоганды комиссарлық лауазымынан айыру екіталай. Ол гольф ұйымының мерекелік кешкі асына қатысу үшін пара алған жоқ. Қызметін жеке басына пайдаланбады. Тек карантиндік шектеу шараларына мән бермеді.
Еуропалық комиссияның өкілі Дана Спинант ұйымның оқиғаны жіті бақылап отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, комиссардың қаншалықты кінәлі екенін анықтау үшін жан-жақты зерттеу қажет.
«Президент Урсула вон дер Ляйен комиссар Хоганнан нақты есеп беруді талап етіп отыр. Ол қосымша мәліметтерді сұратты, өйткені оқиғаны егжей-тегжейлі білу қажет», деді Д.Спинант.
Қазіргі таңда Еуропалық одақ АҚШ және Ұлыбританиямен сауда-экономикалық байланыс жөнінде келіссөздер өткізіп жатыр. 2018 жылы Вашингтон билігі «қарт құрлықтан» келетін бірқатар тауарға салықты ұлғайтқан еді. Бұған жауап ретінде ЕО мұхиттың арғы бетінен келетін өнімдерге салықты күшейтті.
Оның үстіне, Ұлыбритания биылғы қазанда Еуропалық одақтан толыққанды шығады. Яғни сол кезге дейін бүкіл құжат, туындаған мәселелер шешілуі тиіс. «Тұманды Альбион» мен ЕО арасында бұған дейінгі жасалған келісімдерді қайта қарау қажет.
Осындай қиын-қыстау кезеңде Еуропалық комиссия сауда-саттық жөніндегі комиссарын ауыстыру оңайға соқпайды. Өйткені Фил Хоган қызметінен кетсе, ұйымда ауыс-түйіс басталады. Мұның бәрі Еуропалық комиссияның абыройына нұқсан келтіріп, АҚШ және Ұлыбританиямен жүргізіліп жатқан келіссөздерді тоқтатады. Сондай-ақ пандемиямен арпалысып жатқан «қарт құрлықтың» елдеріне кедергі келтіреді. Ендеше, Еуропалық комиссия Ирландиядағы саяси жағдайды тұрақтандырудан бұрын өз ішінде қиындық тумауын ойлайтыны анық.
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Кеше
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Кеше
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Кеше
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Кеше
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар