Саясат • 13 Қазан, 2022
Табысын жасырғандар жазаланады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.
Саясат • 13 Қазан, 2022
Осы апта еліміз үшін саяси оқиғаларға толы болды. Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің кезекті саммиті өтіп жатқаны белгілі. Осыған байланысты «тоғызыншы территорияға» бірқатар елдің басшылары ат басын бұрды. Соның ішінде Түркия Президенті мен Қатар Әмірі мемлекеттік сапармен келді. Екіжақты кездесулер барысында өзара ынтымақтастықты дамытатын маңызды құжаттарға қол қойылды.
Үкімет • 12 Қазан, 2022
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында цифрлы активтерге қатысты заң жобасы мен оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды.
Саясат • 12 Қазан, 2022
Елордада Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған «Бірлік. Әділеттілік. Даму» Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының ынтымақтастық форумы өтті.
Үкімет • 10 Қазан, 2022
Мәжілісте «Ауылдық денсаулық сақтау: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны егжей-тегжей талқыланды.
Әлем • 10 Қазан, 2022
Прагада өткен Еуропалық одақ басшыларының саммиті аяқталды. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыланды. Жалпы алғанда, қарт құрлықтың өкілдері маңызды келісімдерге қол жеткізді. Алайда, энергетика, соның ішінде газ бағасын арзандатуға келгенде ортақ мәмілеге келе алған жоқ. Осылайша, қыста Еуропаны қалай жылыту мәселесі басы ашық күйінде қалды.
Қазақстан • 09 Қазан, 2022
Азаматтық қоғам рөлі талқыланды
Елордада «Саяси реформаларды жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, мемлекеттік органдар, ЖОО мен еліміздің әр өңірінен келген үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Әлем • 09 Қазан, 2022
Әзербайжан мен Армения арағайындардың арқасында ортақ мәмілеге келді. Бұған дейін Таулы Қарабақ үшін қырқысып келген екі ел шекараны шегендеуге келісті. Талай жыл түйіні тарқамай келген мәселе шешілуге жақын деп айтуға негіз бар. Осылайша, Әзербайжан тарапы тарихи әділдікті қалпына келтірді.
Руханият • 09 Қазан, 2022
Жұма күні Астана қаласында жаңа мешіт ашылды. Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.
Әлем • 06 Қазан, 2022
Солтүстік Кореяның сесті зымыраны
Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл жолы КХДР тарапы арасына 22 минут салып қатарынан екі ракета ұшырған. Бірнеше күн бұрын ғана аталған ел осындай қадамға барған еді. Осылайша, айналдырған бірнеше күннің ішінде Пхеньян жарты әлемді дүр сілкіндірді. Сарапшылар Солтүстік Кореяның бұл әрекетін ядролық қаруын жетінші мәрте сынауға талпынуымен байланыстырып отыр. Бірақ Ким Чен Ынның жоспары көршілес Қытайға ұнамауы мүмкін.