Сайлау • 15 Қыркүйек, 2023
5 қараша – аудан және қала әкімін сайлау күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланатынын мәлімдеген болатын. Кеше осыған орай Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, саяси бәсекенің жай-жапсары түсіндірілді.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2023
Ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған құжат
Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар депутаттық сауалдар жолдады.
Саясат • 14 Қыркүйек, 2023
21 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Министрлер кеңесінің бейресми отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етеді.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2023
Жер қойнауын пайдалану ережесі жетілдіріледі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында жер қойнауын пайдалануға қатысты заң жобасы қабылданды. Сонымен қатар экспортты ілгерілетуге, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құруға қатысты құжаттарды да қарады.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2023
Өткен апта Африка құрлығына ауыр тиді. Әуелі Мароккода жер сілкініп, үш мыңға жуық адам қаза тапты. Мыңдаған адам жарақаттанды. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сол себепті мерт болғандар саны алдағы уақытта көбеюі мүмкін.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2023
Африканың тағы бір елі Ливия су тасқынынан зардап шекті. Дерна қаласында күшті дауылдан кейін су қоймасы жарылып, таяу маңдағы елді мекендерді шайып кетті. Қызыл Крест және жергілікті шенеуніктер жойқын су тасқынынан кейін кемінде 10 мың адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2023
Тұрақты даму бағытына қолдау көрсетеміз
Елордада БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың қатысуымен баспасөз жиынын өткізді. Іс-шара биылғы 18-19 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтетін 2023 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) саммитіне орайластыра ұйымдастырылды.
Саясат • 10 Қыркүйек, 2023
Жаһандық лаңкестік мәселесі елордада талқыланды
Елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 40-мерейтойлық отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланды.
Үкімет • 07 Қыркүйек, 2023
Суармалы жерді тиімді пайдаланудың жөні
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.
Басылым • 07 Қыркүйек, 2023
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елдегі алғашқы атом электр стансасын салу-салмау мәселесін шешу үшін референдум өтетінін мәлімдеді. Оның нақты күні кейінірек хабарланады.