Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматыда 7 індет ошағынан шектеу шаралары алынды
Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен жайлардағы 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматы әкімдігі адамдардың және көліктердің қозғалысына шектеулер енгізді
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб хаттамасына сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, Алматы қаласы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының белең алуына жол бермеу мақсатында қала аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ге дейін қала ішінде адамдардың және көліктердің қозғалысына бірқатар шектеулер енгізілді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматылықтар үшін шығармашылық үйірмелер онлайн жұмысын бастады
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тұрғындардың мәдени өмірін қолдау мақсатымен онлайн режимде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда. Көреремен үшін тегін онлайн-шығармашылық үйірмелер, курстар, подкасттар мен тренингтер басталды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда індеттен айыққан 5 адам бар
Бүгін, сенбі, яғни 28 наурызда түнделетіп тағы да жақсы хабар жетті. Алматыда коронавирусқа қарсы ем қабылдаған тағы екі науқас шығарылды. Бұл туралы қазір Алматы әкімдігінің онлайн-брифингінде ресми ақпарат таратылды
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Коронавирус жұқтырған 12 жасар қыз емделіп, ауруханадан шықты
Бүгін, 28 наурыз күні Алматыда қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 анықталған 12 жасар қыз емделіп, үйіне шықты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыдағы 5 індет ошағынан карантин алынды
Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, коронавирус инфекциясына тән клиникалық белгілері байқалуы (анықталуы) мүмкін инкубациялық кезеңнің-мерзімнің аяқталуына байланысты,байланыс жасаған адамдардың арасында - мына 5 ошақ бойынша шектеу шаралары алынып тасталды.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
Франция: Dior, Guerlain, Givenchy енді бетперде тігуге көшті
Ақпан айының ортасынан бастап Францияда пандемия өрши бастағанда LVMN холдингіне қарасты Dior, Guerlain, Givenchy сынды әйгілі компаниялар әтір орнына антибактериалды гель шығара бастағаны туралы хабарлаған едік. Бұл туралы Франциядағы қазақтар қауымдастығының (АКФ) президенті Берлин Иришев өзінің әлеуметтік парақшасында жазған-ды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Бүгін: Алматыда 22 індет ошағы бар
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматыда 22 індет ошағы бар.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматы: Қазынашылық органдар қысқартылған кестеге көшті
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб қаланың қазынашылық органдары 30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі аралықта қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтіндігі туралы хабар таратты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда 1500 полиция мен әскери қызметкер күзетті күшейтеді
Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап полиция Департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзетуді күшейтеді. Сондай-ақ, патрульдік полиция Полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.