Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

МӘМС: Алматылықтардың қанша пайызы сақтандырылған?

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2022 жылдың басы мен өткен жылғы МӘМС жүйесіндегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2022

Инфрақұрылым игілігін көруі тиіс

Аумағы ұлғайып келе жатқан Алматының шеткі аудандарының мәселелері бір-біріне ұқсас. Қалаға кейін қосылған Наурызбай ауданының Ақжар, Шұғыла, Тастыбұлақ, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Таусамалы шағын аудандарында 149,6 ша­қы­рым су құбыры және 74,8 шақырымдық кәріз тарту жұмыстары жал­ғасып жатыр. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аудан­ның 150 мыңнан аса тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Медицина • 15 Ақпан, 2022

Балалар аурулары кафедрасына есімі берілді

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникаға қарасты Балалар аурулары кафедрасына Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, еліміздің көрнекті ғалымы, тұңғыш медицина ғылымдарының докторы атанған қазақ әйелі, Қазақстанның педиатриялық мектебінің негізін қалаушы профессор-педиатр Нағима (Нина) Ахметқызы Барлыбаеваның есімі берілді.

Медицина • 15 Ақпан, 2022

Тұқым қуалайтын кесел

Дені сау адам атын естімеген дерт түрлері көп. Дамылсыз даму үстіндегі медицинаның міндеті де – сирек кездесетін кеселдерге дер кезінде диагноз қойып, дұрыс ем-дом жүргізу. Өткен аптада орфандық жүйке-бұлшықет кеселді пациенттерді емдеу мәселелері анестезиолог-реаниматолог, балалар неврологтері мен пульмонологтерінің басын қосты.

Білім • 14 Ақпан, 2022

ІТ жүйесінде білімдерін жетілдірді

Қазақ ұлттық қыздар педа­го­гикалық университетінің сту­дент­­тері академиялық ұтқыр­лық бағ­дарламасы ая­сында Рига тех­никалық универси­т­етінің Ақпа­рат­тық жүйе­лер менеджменті жоға­ры мектебінде білімдерін жетіл­дір­ді. Физика, математика және цифрлық технология­лар инст­итутының білім алушылары бір семестр көлемінде еуропалық білім беру стандартына негізделген оқу жүйесімен та­нысуға мүмкіндік алды.

Қоғам • 11 Ақпан, 2022

ХҚО-ның «Қазақстан халқына» қорына қандай қатысы бар?

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Алматы қалалық филиалының халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясындағы кезекті Ашық есік күні Түрксіб аудандық ХҚО бөлімінде өтті. Шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірге ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 11 Ақпан, 2022

Университеттегі наразылық неден туындады?

Жуырда Алматыдағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің сырттай оқыту бөлімінде оқып жатқан студенттер наразылық акциясын өткізген еді. Бұған оқудың аяқ астынан дәстүрлі форматқа ауысуы мен оқу ақысының қымбаттауы себеп болды.

Коронавирус • 10 Ақпан, 2022

Алматыда 100 жастағы кейуана індеттен жазылып шықты

Алматы қаласындағы И.Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына біздің ғасыр жасаған кейіпкеріміз 5 ақпан күні  жөтелмен, ауыр халде түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, әлі жоқ науқас бірден интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып, денсаулығы жақсарған.

Медицина • 10 Ақпан, 2022

АИТВ-ны анықтауға жекеменшік лабораториялар неге таласады?

Осы уақытқа дейін елімізде АИТВ сияқты дауасы толық табылмаған жұқпалы дертті диагностикалауды тек мемлекеттік лабораториялар жүргізіп келді. Қазақстандағы жекеменшік лабораторияларға АИТВ-инфекциясын тексеруге рұқсат берілмеген. Соңғы күндері Денсаулық сақтау министрлігінің «ВИЧ-анализдерін» монополияландыруға қақысы бар ма деген сауал туындағандықтан, осының мән-жайын түсіндіруге тура келеді. Өйткені бірқатар үкіметтік емес ұйымдар аталған жағдайға ықпал етуді сұрап Президенттің атына, Парламент Мәжілісіне де хат жолдап отыр.

Бизнес • 10 Ақпан, 2022

Кәсіпкерлердің кезекті 39 өтініші мақұлданды

Үкіметтің жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде, Алматы қалыпты тіршілігіне оралып келеді. Егер өткен аптада Алматыда 200-ден аса кәсіпкер қаңтарда көрген шығындары үшін өтемақы төлемдерін алса, ШОБ субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның 6 ақпандағы отырысында жалпы сомасы 85,7 млн теңгені қажет ететін тағы 39 өтінім мақұлданды. Оның ішінде құны 8,4 млн теңге болатын 5 өтінім бюджет қаражатынан, 34 кәсіпкердің 77,3 млн теңге шығыны «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры арқылы өтелді.