Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2310 материал табылды

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Алматыға қонған 150-ден астам халықаралық рейстің 17 мыңдай жолаушысы тексерілді

Бүгін Алматыда коронавирустың алдын алу үшін эпидемияға қарсы іс-шараларды пысықтауға арналған оқыту-жаттығу шаралары өтті.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Алматыда оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды

Бүгін Алматыдағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі республикалық ғылыми жобалар конкурсын бастады. Жалпы білім беретін пәндердің жыл сайынғы конкурсы биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында 11-14 ақпан аралығында өтеді.

Қоғам • 11 Ақпан, 2020

Алматыда жыл басынан бері 180 мыңдай адам ЭЦҚ алды

Алдымен электрондық цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) мемлекеттік қызметтерді алу үшін салық төлеушілерге қажет екендігін айта кету керек. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсырып, тоқтата алады, бақылау-кассалық машинаны есепке алып, басқа да әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Технология • 11 Ақпан, 2020

«Қалтадағы ХҚО» қағидасының игілігін пайдаланып отырмыз ба?

Уақыт әкелген игіліктің бірі – ақпараттық технологиялар. Оны күнделікті тіршілігімізде сауаттылықпен кәдеге жарату – қолдағы түрлі гаджеттерді толығымен ақтаған болар еді. Әлі де болса көпшіліктің әрі-бері сандалмай, шаруасын үйде отырып-ақ тындыруды толығымен үдеріске айналдыру көкейкестілігін жойған жоқ. Олай болса, «Цифрлы Қазақстан» бастамасына қатысты мегаполисте қандай ілкімді істер бар?

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1,2 млн салымшысы мемлекет сыйақысын алды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) клиенттерінің депозиттеріне 2019 жылы 38 млрд теңге түсті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1,2 млн салымшысы мемлекет сыйақысын алды, деп хабарлады аталмыш банктің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Қағаз куәліктерді биометриялық сәйкестендіру ығыстырады

Елімізде биометриялық сәйкестендіру 2018 жылдың аяғында ғана қосылды. Содан бері Алматы қаласында 6 мыңнан астам адам биометриялық сәйкестендіруден өтті.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Жүрегін тексеруді қажет ететіндердің 52,4% ғана кардиоскринингтен өтті

Елімізде автоматтандырылған «Поликлиника» ақпараттық жүйесі деректері бойынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ұсыныс берілген 1 655 340 азаматтың ішінен тек 52,4% ғана қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтайтын тексеруден өтті. Тексерілгендердің арасынан 52 488 адамда жүрек-қан тамырларының аурулары анықталды. Олардың ішінде 41 158  азамат диспансерлік бақылауға алынды.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Алматы: Қаңтар айында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелді

Биыл, яғни 2020 жылдың қаңтарында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан • 08 Ақпан, 2020

Алматы: Әуежай мен ауруханаларды коронавирусқа қарсы тексерді

Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Алматыға 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Қытайдан 6792 адам келді

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда қауіпті аймақтан келушілерді бақылау жалғасын тауып, бақылауға алынғандардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді.