Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Руханият • 26 Қыркүйек, 2022

Ән оқу

«Ән айту – поэзия оқудың ең биік шыңы» деген сөзді бір емес, бірнеше мәрте естіп едім. Бұған келісуге де, келіспеуге де болатын сияқты. Әркімнің талғамына байланысты алуан пікір өрби беретіні бар. Қолына домбырасын алып микрофонмен «сөйлеп» әлде «сөйлесіп» тұрған әншіні сан көрдік. Шыбынның дыбысы естілер еді-ау ондайда. Ән шарықтап немесе үзілердей тағы да жалғанған сәтте анау бір тұстан әлдебір тыңдарман еріксіз «пәлі!», деп қалмай ма сонда?! Әнмен бірге тербеліп отырған жан еріксіз ішкі күйін шығарып қоятыны таңсық емес қазақ ортасында.

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022

Жыр алыбы дәріптелді

Өткен сенбінің кешінде жыр алыбы Жамбылдың рухы аспандап берді. Ас­тана төрінде. Дәлірек айт­­қанда, Тәшенов кө­ше­сінің бойындағы Жамбыл Жабаев ес­керт­кішінің ал­дында рес­публикалық «Күй анасы» қорының ұй­ым­дас­тыруымен ақын шы­ғармашылығына ар­налған V «Жыр мен күй жәр­­меңкесі» өтті. Он­да жас жеткіншектер Жам­был жыр­ларын оқып, күй шертті.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2022

Кітап фестивалі – ел көзайымы

Өткен жұма күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың алдында Kitaptime – 2022 республикалық кітап фестивалі ұйымдастырылды. Онда оқырмандар мен авторлар, ақын-жазу­шылар мен әдебиетқұмар жұрт кітап жәрмеңкесінде қауышып, емін-еркін дидарласып, мәре-сәре болысты. Осы күні елорда төрінде басталған мәдениет пен рухтың жәрмеңкесі бір мезетте барлық аймақта, еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатты.

Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2022

Тұлға жөнінде қос томдық

Өмірін ұлт тағдырының өсіп-өркендеуіне байлаған тұлғаның айтқан сөзі, жүрген жолы, істеген ісі жастарға қашанда үлгі-өнеге. Сондай өнегелі жанның бірі Асанбай Асқаровтың есімін ел асқан сүйіспеншілікпен еске алатыны туралы әңгіме көп. «Басшы болсаң Асекеңдей бол!» деп отыратын көрінеді тамам түстіктің жұрты. Сол кісінің өмірі мен қызметі туралы Орталық мемлекеттік архив әзірлеген «Асанбай Асқаров» атты екі томдық кітап шықты жақында.

Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2022

Соңғы сарын тудырған соны шығарма

Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің «Күй» поэмасында ғаламат тылсым күш бар. «Қобызшы Молықбай шал Матайдағы» деп басталмаушы ма еді шығарма?! Автордың ақындық қуатын, өлең өлкесіндегі, өлкесіндегі емес, жыр қағанатындағы кемел даусы мен шеберлігін термелеп жатпаймыз. Себебі одан кейінгі қазақ поэзиясы осы Ілияс, Мағжан, Сәкендерге қарап бой түзегенін аңғару қиын емес. Тіпті солар бастап жазып кеткен ұлттық тақырыптарды басқа қырынан толғап, жаңаша жырлауға тырысқаны байқалады. Айтпағымыз, Ілиястың «Күй» шығармасының терең емеуріні мен астарында.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2022

Толқытып Толағайдың мақпал түні...

Жұдырықтай ғана жүректен туған ән алыстарға аттанады. Құрлық асқаны былай тұрсын, ғасырлардан ғасырларға көшіп, адам рухымен бірге өмір сүре береді. Атақты Илья Жақанов­тың «Толағай» әні Жапонияның Токио қаласындағы әлем халықтары музыкаларының музейінде сақтаулы тұрғанын әнші Қайрат Байбосыновтың өзі айтады. 1990 жылдардың ішінде Сматай Үмбетбаев екеуін Жапонияға арнайы шақыртқанда, Қайрекең әлгі музейге осы әнді жаздырып кетіпті.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2022

Кәріпбек әлемі

Семей ядролық полигоны кесірінен қолсыз мүгедек болып туған Кәріпбек Күйіковтің картиналары әлем назарында қазір. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, тағы басқа өркениетті елдерде көрмелері өтіп тұрады. Суретші бұрынырақта Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынылған. Біз бүгін қылқаламды тісімен тістеп салатын автордың туындысына тоқталмақпыз.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2022

Тау тұлғаның тойы

«Сарыарқада Ақсораң ең биік тау, Жаңаарқада Ақселеу таудан биік» (Бағдат Мүбәрак) дейтін жұрт белгілі этнограф, ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбектің тойы Жаңаарқада өтетінін естіп, елдің түкпір-түкпірінен жиылған екен. Өле-өлгенше ұлт мұрасын түгендеп, халқының қасиетін ардақтап өткен тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылып, жыр додасы өтіп, ас беріліп, балуандар белдесіп, ат шаптырылды. Аудан орталығында ашылған ескерткіші туралы әңгіме басқа. Кешелі бері аудан әкімі Юржан Бекқожин бастап бұл ескерткіш алынып, жаңадан қалыпталатынын мәлімдеді. Ақаңның тойына барған елдің көңілі сонда барып орнына түскендей.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022

Нысанбай жырауды неге ұмыттық?

Әуелі тарихты әдебиеттен оқып, кинодан тоқыған әлдеқайда сіңімдірек, көкейге қонымдырақ деген ойдамыз. Өйткені жасынан құмартқан оқушы болмаса, тарихи құжат пен тақ-тұқ еткен деректі екі жастың бірі қабылдай бермейді. Есейіп толысқан сана болмаса. Бұл орайда әдебиеттің жөні бөлек дер едік. Рас, кино – сол әдебиеттің баласы, бел баласы да емес, немере, шөбересі. Поэзия мен прозадан шыққан драматургия театрдан кейін киноға ойысқанын ескерсек, солай.

Өнер • 05 Тамыз, 2022

Индонезияда – қазақ мәдениеті

«Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мә­де­ниетіне арналған көрме өтті» деген хабар жетті елге.