
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022
Үкімет отырысында жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мақұлданды. Маңызды құжаттағы негізгі бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында қамтылған. Көпшілік асыға күткен Кодекстің кейбір жаңашылдықтары келесі жылдан бастап күшіне енеді. Атаулы көмектің алтын арқауына айналатын құжаттағы бастамалар елдегі әр отбасының әл-ауқатын аттыруға бағытталған.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2022
Жылу желілерін жөндеу бағдарламасы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің энергетикалық объектілері мен жылу желілерін тексеру барысы қаралды.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Жекешелендіру жалғасады, талап күшейеді
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысы қаралды. Аталған тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.
Үкімет • 30 Қараша, 2022
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қала мен ауыл оқушыларына бірдей жағдай туғызады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Алдымен Екібастұз қаласын жылумен қамту мәселелері сөз болды.
Үкімет • 23 Қараша, 2022
Ауыл медицинасына – мемлекеттік қолдау
Үкіметтің кезекті отырысын ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жеткенін айтты. Оның кандидатурасын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халықтық коалиция ұсынған болатын және Қазақстан халқының басым көпшілігі өз қолдауын білдірді.
Үкімет • 15 Қараша, 2022
Өрт қауіпсіздігін сақтау – өзекті мәселе
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі және заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.
Үкімет • 01 Қараша, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Үкімет • 18 Қазан, 2022
«Таза көмір» технологиялары енгізіледі
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері қаралды.
Экономика • 17 Қазан, 2022
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астанада Орталық Азия бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 көрмесі өтті. Көрме аясында агроғылым, тенденциялар, инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ үздік сауыншылар байқауы, асыл тұқымды мал тұқымының аукционы және 200 кг алманың таратылуы секілді түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Экономика • 12 Қазан, 2022
Ауыл шаруашылығын өркендететін алаң
Елордадағы ЭКСПО халықаралық көрмелер орталығында Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік KazAgro/KazFarm-2022 көрмесі басталды. Көрме жұмысы үш күнге жоспарланған. Айта кетелік, «KazAgro» – өсімдік шаруашылығы, KazFarm – мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Бұл іс-шараға 20-дан аса елден 300-ден аса түрлі компания мен ұйым өкілдері қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Аустрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа елдердің өкілдері бар.