Руханият • 04 Шілде, 2019
Жуықта «Атамекен» телеарнасында «Қазақстанға қандай өзгерістер қажет?» деген қызықты тақырыпта арна жүргізушісі Ерболат Мұхамеджан Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековпен және саясаттанушы Саясат Нұрбекпен сұхбат құрды. Бұл сұхбат бізге ұнады. Біраз жайттар айтылды. Содан түйгеніміз, ел ішінде қоғамды демократияландыру бағытында үлкен өзгерістердің қажет екендігі болды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2019
Осыдан біраз бұрын Үкіметте қаралған еліміздің туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде «2025 жылға қарай туризм саласының ІЖӨ-дегі үлесі 8 пайызға дейін жетеді, туризмді дамытуға инвестициялар көлемі алдағы 7 жылда 2 трлн теңгені құрайды; 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады, оның 72 мыңы тұрақты жұмыс орындары болады, туристер саны жылына 7 млн-нан 15 млн-ға дейін ұлғаяды» деп көрсетілген.
Экономика • 11 Маусым, 2019
Қазіргі таңда барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады. Науқан кезінде жанар-жағармаймен, тұқыммен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде еш мәселе туындаған жоқ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рахымбеков дауыс берді
«Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбеков Астанадағы Ұлттық музейде орналасқан №52 сайлау учаскесіне сағат тура 10.00-де дауыс беруге келді. Қасында зайыбы Салтанат, қызы Ғалия және екі немересі болды. Кандидат журналистерге берген шағын сұхбатында көңіл күйінің жақсы екендігін, дегенмен бойында аздаған толғаныстың да бар екендігін айтты.
Қоғам • 05 Маусым, 2019
Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында еңбек ететін көп балалы және жалғыз басты аналардың еңбекақысы осыдан үш ай бұрын көбейіп, әлеуметтік жағдайлары жақсарған болатын. Енді осы игілікті іс Түркістан облысының «Манкент» шипажайында жалғасын тапты.
Қоғам • 29 Мамыр, 2019
«Ауыл – ел бесігінің» жәрдемі көп
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019 жылы 52 аудан орталығы жаңғыртылады, бұл жақын жылдары 700 мың ауыл тұрғынының өмірін өзгертуге мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов осылай деді.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2019
Ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыру басталды
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның АӨК субъектілерін қаржыландыруды бастауына орайластырылған баспасөз конференциясы өтті. Қаржыландыру жұмыстары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынып отыр.
Саясат • 20 Мамыр, 2019
Инвестициялар ағыны толастамайды
ХІІ Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен Жаһандық инвестициялар жөніндегі үшінші қазақстандық дөңгелек үстел өтті. Оған әлемнің 41 елінен 600-ге жуық шетелдік маман жиналды.
Үкімет • 29 Сәуір, 2019
Тасқынға тосқын уақтылы қойылды
Кеше Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі су тасқыны қатерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін айтып берді.
Қоғам • 16 Сәуір, 2019
Жалақыны арттыру тәртібін түсіндірді
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Оның айтуынша, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап білім беру саласының қызметкерлері жаңа есептеу кестесі бойынша еңбекақы ала бастайды. Бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі.