Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Жетісу кәсіпкерлері өңірдегі мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды
Алматы облысында «Біз біргеміз» акциясы бастау алғалы аймақтағы мыңдаған мұқтаж жанға тегін көмек көрсетілді. Ізгі іске алғашқы болып қолдау білдіргендер қатарында өңір кәсіпкерлерінің үлкен шоғыры тұр. Қазір де олар аз қамтылған отбасыларды азық-түлік тауарларымен тегін қамтамасыз етуде.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Әскери міндеттілердің алғашқы легі борышын атқаруға кірісті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Әскери міндеттілерге қарата айтылған үндеу Алматы облысының аумағында тұратын ер-азаматтар арасында қызу талқыға түсті.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Тұрғындар төтенше жағдай тәртібін неге жиі бұзады?
Алматы облысының прокуратурасы жария еткен мәліметтерге қарасақ, аймақ тұрғындары арасында төтенше жағдай тәртібін бұзушылар азаймай отыр.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Алматы облысы: «Біз біргеміз» акциясына белсене қатысушылар көбейді
Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» атты үндеуін қолдап, мұқтаж адамдарға қайырым жасау ісі жалғасуда.
Экономика • 07 Сәуір, 2020
Бағаны тұрақтандыруда оң нәтиже бар
Алматы облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібінен түспейді. Бүгінде облыстың тұрақтандыру қорында 2226 тонна түрлі азық-түлік тауары бар екен. Бұл қор аудан, қала әкімдерінің тапсырмасына сәйкес дайындалған. Оның 912 тоннасы қазірге дейін жергілікті жерге жеткізілген.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Жыланды ауылындағы тігін цехы бетперде тігуге бейімделді
Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Жыланды ауылында «Ауыл өнері» атты тігін цехы жұмыс істегелі біршама уақыт болған. Оның ашылуына белгілі кәсіпкер, мецанат Бауыржан Оспанов мұрындық болған екен.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Коронавирустан емделіп жатқан 10 адамның жағдайы тұрақты
Мәлім болған дерек бойынша қазір Алматы облысында коронавирус диагнозы анықталған 10 адам бар. Оның ішінде сегіз науқас Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар орталығында оқшауланған.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Талдықорғандық дәрігерлер пациенттерге WhatsApp арқылы кеңес береді
Өңірлерде жұқпалы індеттің салдарынан емханалар мен ауруханаларда ем алатын науқастар санын күрт азайған. Әрине, қауіпсіздік шарасы күшейіп, адамдардың үйден шықпай отырғаны тиімді болғанымен, тұла бойына дерт жабысқан тұрғындардың дәрігерге бәрібір жүгінуге мәжбүр болатыны анық. Бірақ, бұл тығырықтан шығудың да жолы бар екен.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Қауіпсіздік шарасы: Бекетті айналып өтпек болғандар мен алаяқтар азаймай тұр
Төтенше жағдай кезіндегі темірдей тәртіпке қарамастан адамдардың сеніміне кіріп, алдап кетуге тырысатындар қатары азаймай тұр екен. Жақында Талдықорған қаласында азық-түлік дүкендеріне арзан бағада тауар жеткізіп беретін фирмалардың атын жамылған алаяқ ұсталды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Еңбекшіқазақ ауданының еріктілері 71 отбасыға қайырым жасады
Жетісуда ерікті жастардың еңбегі жанып тұр. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде көмеке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуды парыз санаған жастар күн сайын жақсылық жасауға тырысып жатыр. Солардың қатарында Еңбекшіқазақ ауданының волентарлары да бар.