Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Ауыл ауруханасына жасанды тыныс алу аппараты қойылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылындағы орталық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Елу жыл бұрын салынған нысанға содан бері бірде-бір рет құрылысшылардың қолы тимеген екен.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
«Жерұйық Кеген жастары» мұқтаж отбасына тұрғын үй сатып әперді
Алматы облысының Кеген ауданында «Жерұйық Кеген жастары» атты қоғамдық ұйым бар. Құрылғандарына көп уақыт болмасада қор аудандағы ізгі шаралардан қалмай, қайырым жасауға бет бұрған. Жақында ұйымның құрылғанына бір жыл толуына орай жастар бастама көтеріп, мұқтаж отбасына тұрғын үй сатып әперіпті.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Мас пациент ауруханадан изоляторға ауысты
1 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының полиция бөліміне іргеде орналасқан ауруханадан шақырту түскен. Бірақ, оқиғаға ешқандай күлкі мен қалжың араласпаған. Ауруханда ем алып жатқан науқас шынымен шатақ шығарып, дәрігерлермен төбелескен екен.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
Алматы облысының әкімдігі «Асыл Арман» тұрғындарына азық-түлік таратты
Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешені індет таралуына байланысты толықтай оқшауланып, карантинге жабылған болатын. Бұған дейін бұл аумақтан екі адамнан корона вирус инфекция анықталған еді. Ал сыртпен байланысы тоқтаған тұрығндарға Алматы облысының әкімдігі тегін азық-түлік жеткізе бастады.
Білім • 04 Сәуір, 2020
Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?
Алматы облысының мектептері қашықтан білім беруге дайын екенін бұған дейін хабарлағанбыз. Бастапқыда мұғалім мен оқушы арасын онлайн байланыс арқылы жалғау жоспарланғанымен, өңірдегі шалғай ауылдардың ғаламторға қосыла алмауынан бұл мүмкін болмады.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Оныншы адамнан жұқпалы індет белгісі анықталды
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған оныншы адам анықталды. Науқас 1950 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны екен.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
103 қызметінің 103-бригадасы: фельдшер Бахаудун
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі іске қосылып жатыр. Бұл бағытта жұқпалы індетпен күрес кезеңінде дәрігерлердің табысы қайта есептеліп, қауіп-қатер сатысына байланысты жекелеген сыйақы белгіленбек.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Жетісу оқушылары қашықтан оқуға қаншалықты дайын?
Алматы облысындағы 760 мектепте 411 036 оқушы білім алады. Бүгінде барлық білім ошақтары төтенше жағдайға қатысты қашықтан оқытуды пысықтап жатыр. Дерек бойынша оқушылардың 93 пайызы компьютер, ноутбук, планшет, смартфон арқылы сабаққа қатысуға дайын. Яғни, 380 575 бала үйде отырып оқиды.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Алматы облысы: 42 500 теңге өтемақыны қанша адам алады?
Алматы облысында ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді алатын тұрғындар саны әлі де нақтылануда.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Кәсіпорындарда жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберу дерегі тіркелген жоқ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бюжеттен 1 трлн теңге бөлу туралы шешімі елімізде жаңадан жұмыс орындарын ашуға серпін береді.