Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Жетісудағы мектеп жетіспеушілігін жоя ма?
Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінген қаражаттың 54 пайызы өңірдегі әлеуметтік-мәдени саланың мәселесін шешуге бағытталмақ. Мәселен, осы қаржыға өңірдегі мектеп жетіспеушілігін жоюдың сәтті мүмкіндігі туатын сияқты. Өйткені, аймақ бойынша салынып жатқан 16 мектепке қосымша тағы 7 мектептің құрылысы басталамақшы. Бұл қосымша 10,2 мың баланы орынмен қамтымақ.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай тәртібі: Жалған ақпарат таратуда WhatsApp топ бастап тұр
Қазір әлеуметтік желі қолданушылары үшін шынайы хабар мен жалған ақпараттың аражігін ажырату қиындап кеткені рас. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде мұндай дәйесіз сөз жылдам таралып жатқаны өкінішті. Өйткені, соңғы күндерде коронавирус инфекциясының таралуына қатысты желдей ескен жалған ақпарат тәртіп сақшыларын ғана емес, дәрігерлерді де әбігерге салып бітті.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
«Жедел жәрдемнің» жаужүрек дәрігері
Жұқпалы індеттің алдын алу жалпы қоғамның да, жеке адамның да тікелей міндеті екені анық. Ел бойынша жарияланған төтенше жағдай мен жекелеген аймақтардағы карантиннің енгізілуі, қауіпсіздік шарасының күшеюі коронавирус зардабының өте ауыр екенін айғақтайды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Амандық Баталов дүкендегі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған «Magnum» сауда желісінің дүкеніне барды. Бағасының өсуін бақылау мақсатында дүкен аралаған аймақ басшысы сөрелерде тұтынуға қажетті 19 түрлі әлеуметтік маңызды тауардың тұрғанын және олардың барлығы да төмен бағада екенін көрді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Медицина қызметкерлерінің сыйақысына 137 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жұқпалы індетпен күресуге жұмылған отандық дәрігерлер еңбегін бағалаудың жаңа шарасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина мамандарымен қоса, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне сыйақы беру мәселесін де қарастырады.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Dolce farm тәулігіне 70 мың дана медициналық маска дайындайды
Алматы облысының аумағында жұқпалы індетпен күрес шаралары күшіне енді. Талапқа сай енді адамдардың көшеде, жұмыс орындарында медициналық маска тағып жүруі міндеттелді. Бұл тәртіп қоғамдық көлік пен жеке көліктегі жолаушыларға да ортақ. Ал бұл жағдайда бетпердеге деген сұраныс артатыны анық. Қазірдің өзінде облыс аумағында маска тапшылығы байқалуда.
Білім • 02 Сәуір, 2020
Талдықорғандық оқушылар қашықтан оқуға дайындықты бастады
Талдықорғандық оқушылар 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту үрдісіне дайындалып жатыр. Қазір қала бойынша интерактивті білім берудің қыр-сыры пысықталып, мектептердің интернетпен қамтылуы жіті тексерілуде.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Алматы облысы: Азық-түлік қауіпсіздігі күн тәртібінде тұр
Алматы облысы аумағында әлеуметтік маңызды тауар бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібінен түспейді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында талқыланды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Алматы облысы: «Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды
Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Талдықорғанда «Antikor» орталығы ашылды
Талдықорған қаласында сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларына жаңаша серпін беретін «Antikor» орталығы ашылды. Ашық кеңсе қалыбында қызмет көрсететін орталық қүзырлы органдар мен тұрғындардың арасындағы байланысқа дәнекер болмақ.