Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Бағаны тұрақтандыру тауар өндірушілердің қолында ма?
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болып, Есік қаласында аймақтағы тауар өндірушілер мен бизнес өкілдерімен кездесті және бағаны тұрақтандыруға қатысты ашық әңгіме өрбітті.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2022
Трансконтиненталды дәліз аймақ экономикасын дамытады
Жақында Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы бойынша «Достық диалогі» атты телекөпір өткен болатын. Бұл іс-шараның өтуіне екі ел арасында экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен шекаралық өңірлердің іскерлік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру мәселелері арқау болды.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022
Қостанайлықтарға қолұшын созды
Қостанайлықтардың басына түскен қайғы бұлтын сейілтпекке бүкіл ел болып жұмыла кірісті. Игі іске Алматы облысының тұрғындары да барынша үлес қосты.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022
Жазғы демалыс қызықты өтті ме?
«Балалар жылындағы басым бағыттың бірі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру болғаны анық. Жалпы, жеткіншек ұрпақтың білім алуына ғана емес, саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау болып өсуіне ата-ана да, мемлекет те мүдделі. Осы тарапта аймақтарда бірқатар іс-шара жоспарланған болатын.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
«Бақпасаң бала кетеді...» деген бұрынғының сөзінің мәні жойылған жоқ. Яғни тәрбие мен білімнің нәрін қанып ішпеген өскелең ұрпақтың өмір өткеліндегі бұралаң сәттері жиілей беретіні белгілі. Өкінішке қарай, елімізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс оқиғалары азаймай отыр.
Қоғам • 24 Тамыз, 2022
Құрығы ұзын қымбатшылық: Әкімдер азық-түлік бағасын тұрақтандыра ала ма?
Өкінішке қарай, елдегі инфляция көрсеткіші өте жылдам өсуде. Қазір қала мен ауылдағы сауда орындарына бас сұқсаңыз, қымбатшылықтың құрығына ілікпеген тауардың жоққа тән екенін көресіз. Алаңдатарлығы, аймақтарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы да ырық бермей отыр.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2022
Шала ұйқылы шаруа арзан жанармайға жарымай жүр
Диқан мен шаруаның шала ұйқылы болатын шағы келді. Қырда шалғы сырылы, етекте орақтың дауысы естіліп, шөп шабу мен егін ору науқаны қызып тұр. Осы беймаза кезеңдегі елдің тілеуі күн райы құбылмай, техника тоқтаусыз жүріп, қажетті жанар-жағармай жеткілікті болса дегенге саятыны да рас.
Білім • 22 Тамыз, 2022
Аз күннен соң есігін айқара ашатын білім ошақтары биылғы оқу жылына дайындықты толықтай аяқтады деуге болады. Осы қатарда Алматы облысының мектептері де бар. Бұйырса, өңірдегі 423 жалпы білім беретін мектеп пен 44 колледжде алғашқы қоңырау соғылмақ.
Туризм • 18 Тамыз, 2022
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Алматы облысының туристік әлеуетін арттырып тұрған табиғат сыйының бірегейі – Көлсай. Көз жауын алатын таңғажайып көлге келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Яғни Кеген ауданындағы Көлсай көлі қазір қазақтың өз ішіне ғана емес, әлемнің төрт бұрышына әйгілі туризмнің нысанына айналды.
Қоғам • 18 Тамыз, 2022
Ауыз су жағдайы – толғағы жеткен тақырып. Ал Алматы облысы сияқты нулы өлкеде су сапасы мен ылғал жетіспеушілігі туралы әңгіме қозғау тіптен ыңғайсыз болар еді. Алайда аймақта күйіп тұрған мәселе ретінде ауыз су тапшылығын айтпасқа тағы болмайды. Бұл жерде, әрине сапалы ауыз сумен қамтылу туралы сөз етіп отырмыз.