Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1927 материал табылды

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023

Қолмен ұстап, жүрекпен сезін

Зағип жандардың көзі көрмесе де, көкірегі ояу екеніне шүбә жоқ. Олар да айналаны таны­ғысы, танымын арттырғысы ке­леді. Жамбыл облысында көзі көр­мейтін немесе нашар көретін 5 173 тұрғын бар. Оның 1 612-сі об­лыс орталығында ғұмыр ке­шіп жатса, қалғаны аудандарда қоныстанған.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023

Тараздағы көліктер шеруі

Жамбыл облысы әкімдiгiнiң қолдауымен облыстық Полиция департаментіне жаңа 47 көлік берілді. Салтанатты іс-шараға oблыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілтін табыстады.

Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Нобель сыйлығының лауреатымен кездесті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квонг Чунгпен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, «Қазфосфат» ЖШС-ның қызметкерлері, факультет декандары, ғылыми қызметкерлер және журналистер қатысты.

Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Шу өнерпаздарына шағын автобус бұйырды

Ұлттық өнер мен бабадан мирас болып қалған мұраны насихаттау мақсатында ұйымдас­тырылған «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндері мәресіне жетті. Бірнеше ай бойы әр ауданға барып, мәдени іс-шараның басы-қасында болған комиссия мүшелері ақырғы шешімді шығарып, үздік деп танылған аудандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Ақпараттық жүйеге енгізілді

Өңірде цифрландыру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға бірнеше жыл бұрын басымдық берілген болатын. Нәтижесінде, республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығымен меморондум жасалып, іс-шара жоспары бекітілді. Сол жоспар аясында облыста бірқатар ауқымды жұмыс қолға алынды. Оның дені уақтылы аяқталды.

Аймақтар • 28 Қараша, 2023

Баспаналы болу бағдарламасы

Тараз қаласында тұр­ғын­дарды қолжетімді бас­па­намен қамту бойынша оңтайлы ипотекалық бағ­дарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде тұрған I, II топтағы мүгедектігі барлар, көпбалалы отбасы, мүге- д­ектігі бар бала асырау­шы от­басы, кәмелетке тол­ған­ға дейін ата-аналарынан айы­рылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында тұрған азаматтарға ар­налған «Ба­қытты отбасы» бағ­дар­­ла­масы аясында 460 пә­терге 4 млрд теңге бөлін­ген.

Аймақтар • 16 Қараша, 2023

Газ кеніші іске қосылды

Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан «Анабай» газ кешені пайдалануға берілді. Су жаңа кен орнын «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз еткен. Тиісінше газ ұңғымаларын консервациялау бойынша жұмыстар атқарылған.

Байқау • 15 Қараша, 2023

Мағжан оқулары

Алаш арысы, кейінгі жас­тарға зор сенім артқан Мағ­жан Жұмабаевтың 130 жыл­дығы аясында облыс әкімд­ігі жастар саясаты мә­селелері басқармасының ұй­ымдастыруымен өзге этнос өкілдері арасында «Мағ­жан оқулары» байқауы ұйым­дастырылды. Алдаспан ақынның шығар­машылығын насихаттау мақсатында қол­­­ға алынған іс-шараға 35 жасқа дейінгі жастар қа­тысты.

Қоғам • 15 Қараша, 2023

Жаңатастағы қоныстой

Тәуелсіздік жылдары қиындығы мен қуанышы қатар өрілген Жаңатас қаласының бір қауым жұрты таяуда жаңа пәтердің кілтіне алып, мәре-сәре күй кешті. Аудан орталығында екі бөлмелі – 44, үш бөлмелі – 8, төрт бөлмелі 4 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мәселе • 10 Қараша, 2023

Асханадағы дау: Тексеру жұмыстары басталды

Мектеп асханасынан шыққан дау бітер емес. Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының бірінде оқушыларға мерзімі өтіп кеткен иогурт берілгені туралы ақпарат тараған еді. Енді, міне, Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия асханасындағы тамақтан 44 оқушы, 2 ұстаз уланды деген ақпарат желдей есіп тұр.