
Байқау • 24 Қазан, 2023
Қазақ халқы қай кезде де қылықты қызын төрге шығарғаны әлімсақтан аян. Тіпті иығынан төгілген қос бұрымына түрлі ат қойып, жалғыз бұрым, қос бұрым деп атаған.
Ауыл • 22 Қазан, 2023
Көгершіндіктер көп күткен клуб
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл облысында қолға алынған жұмыстың ауқымы зор. Мәселен, биыл 98 елді мекенде 301 жобаны жүзеге асыру мақсатында 15,7 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 56 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған еді.
Аймақтар • 16 Қазан, 2023
Жеті ай жалақыға зар қылған зауыт
Кейінгі бір-екі жылдың бедерінде әулиеаталық әлеумет жалақы «жырын» жырлап, бірнеше мәрте бас көтерді. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған жамбылдық жұмысшылар жағдайдың жақсарғанын, қарапайым қызметкерлердің табысының артқанын қалайды.
Қоғам • 12 Қазан, 2023
Күре жолдың бойында кемшілік аз емес. Сапалы жол салу мақсатында қыруар қаржы бөлініп жатқанына қарамастан, бармақ басты, көз қысты әрекеттер азаймай тұр. Бір сөзбен айтқанда жаңа жолдардың басым бөлігінің сапасына зер салсаң, лажсыз күрсінесің.
Мәдениет • 12 Қазан, 2023
Он жылдан астам уақыт бұрын басталған, Кенен Әзірбаев әндерін ел ішінде кеңінен насихаттауға арналған республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер байқауы биыл да жалғасын тапты. Он бірінші рет ұйымдастырылған додаға еліміздің әр қиырынан дәстүрлі әннің бастау бұлағынан сусындаған 18-35 жас аралығындағы жас таланттар қатысып, өнерін ортаға салды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Алдағы уақытта Тараз қаласы халқының саны 570 мыңнан асып жығылатын болды. Өйткені шаһар іргесіндегі Байзақ пен Жамбыл аудандарынан 14 елді мекені мен екі саяжайы Тараз қаласының аумағына қосылады.
Баға • 11 Қазан, 2023
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ: Сапасына қарай саудасы
Жамбыл облысы жылыту маусымына толық дайын. Облыс әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, өңірде негізгі деп есептелетін 9 жылу энергетика кешені, 593 автономды қазандық бар. Олардың көмегімен 1 737 әлеуметтік нысан және 1 649 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін мүмкіндік қарастырылған.
Ән • 11 Қазан, 2023
Қобыз үніне қазақтың бүкіл шемен-шері мен ішкі әлемі сыйып кеткендей көрінетіні рас. Имек мойын пішіндес құдіреті құпиямен астасқан көне аспапты қазақ халқы аңызға айналған Қорқыт әлемімен байланыстырып, сабақтастырып жататыны белгілі. Қобыздың шанағынан төгілген зарлы үн қазақтың бүкіл мұңын жеткізіп тұрғандай көрінетіні де шындық.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Мал дәрігерлеріне – 10 автокөлік
Ілгеріде ветеринария саласының білікті мамандары мал дәрігерлерінің жалақысын көтеру, материалдық-техникалық базасын нығайту керектігін жиі мәселе етіп көтеретін. Осы бір өзекті мәселені шешуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын өңір басшыларына шегелеп тұрып тапсырған еді. Президент тапсырмасы өңірлерде ретімен орындалып жатыр.
Денсаулық • 10 Қазан, 2023
Әулиеатада 150 орындық облыстық әлеуметтік оңалту орталығы пайдалануға берілді. Екі жыл бұрын басталған нысанның құрылысын «ТаразСтрой-2004» ЖШС жүргізген. Жаңа орталықта І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарды оңалтуға қажетті құрылғының барлығы қарастырылған.