Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1983 материал табылды

Университет • 30 Қараша, 2024

Менделеев университетінің филиалы ашылды

Мемлекет басшысы біршама уақыт бұрын елімізде шетелдік беделді оқу орындарының өкіл­дігін ашу туралы тапсырма бергені баршаға белгілі. Президент бастамасын іске асыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті­нің басшылығы бір жылдан астам уақыт бұрын Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің мамандарымен әріптестіктің негізін қалады.

Инвестиция • 30 Қараша, 2024

«Самұрық-Қазына» мен «SANY Renewable Energy» арнайы экономикалық аймақтағы зауыттың іргетасын қалады

Шу қаласында орналасқан «Жібек жолы» арнайы экономикалық-индустриялық аймағында алдағы жылдары ондаған жоба жүзеге асырылады. Солардың бірін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен қытайлық «SANY Renewable Energy» компаниясы қолға алып отыр. Күні кеше мүдделі тараптардың басшылары жел электр стансасына қажетті бөлшектерді шығаратын зауыттың іргетасын қалады.

Аймақтар • 27 Қараша, 2024

Тарихи өңірдің торқалы тойы

Қасиет дарып, құт қонған Жамбыл өңірінің құрылғанына 85 жыл толды. Тамырын тарауы мен тағылымы мол тарихқа байлаған өңірдің торқалы тойы кең көлемде аталып өтті. Мерейтойға арналған іс-шараларға еліміздің игі жақсылары жиналып, жүрекжарды лебіздерін айтты.

Білім • 26 Қараша, 2024

«Ұлы даладағы» ерекше оқу ордасы

Бірер жыл бұрын өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысым­да оқитын бірнеше білім ошағы бар болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес екі жыл бұрын қолға алын­ған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында соңғы уақыт­та өңірде бірнеше білім ұясы бой көтерді. Нәтижесінде, мәсе­лесі ушыққан білім ордаларының саны айтарлықтай азайды.

Әскер • 26 Қараша, 2024

Шекарашылар ант қабылдады

Қордай ауданындағы шекара қызметіне әскерге шақырылған сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздардың жүзінен жауапкершілік табын айқын аңғардық.

Аймақтар • 23 Қараша, 2024

NEET санатындағылар азайып келеді

Қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастарға билік тарапынан барынша қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Өйткені олар қай істе де белсенділігімен дараланады. Жанарында жалыны лаулаған жастар қамқорлықтан тыс қалған емес.

Әскер • 18 Қараша, 2024

Сарбаздар ант қабылдады

Қордай ауданындағы шекара қызметіне әскер қатарына шақырылған сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Аймақтар • 15 Қараша, 2024

Көне Тараз – туристер көзайымы

Биыл Жамбыл облысының туризм саласында 15,9 млрд тең­гені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Аймақтар • 13 Қараша, 2024

Тараздағы «Жайлы мектеп»

Үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі 2025 жылы толықтай шешілуге тиіс. Екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстың нәтижесінде білім саласында ұзақ жыл бойы айтылып келген өткір мәселенің жедел шешілуін Үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдеріне шегелеп тапсырғаны белгілі.

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қоқыс өңдеу зауыты қашан салынады?

Бірер жыл бұрын өңір бойынша талапқа сай келмейтін 172 қоқыс полигоны жұмыс істеп тұрғаны туралы дерек тараған еді. Ал биыл 24 қоқыс полигонының экологиялық рұқсат алмай жұмыс істегені анықталды. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан дерекке сенсек, 100-ден астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайды екен.