Қоғам • 31 Тамыз, 2022
Тапа-тал түсте тапаншамен адам өлтіруді кинодан немесе АҚШ жақтан жеткен жаңалықтардан көруші едік. Қазір елімізде де көптің көзінше қысылмай ауыр қылмыс жасайтындар жиілеп кетті. Мастықпен һәм жастықпен от басты деп «ақтайын» десең, өткендегі Оралдағы оқиғаның сиқы анау...
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
Қоғам дертіне айналған нашақорлық
Елімізде есірткінің дәмін татып көргендердің ең жасы 11-де екен. Көзіңізге ине ұстаған бала елестеді ме? Жоқ, олай емес. Соңғы уақытта ләззат іздегендердің арасында синтетикалық есірткі сұранысқа ие. Иіскейді, сорады, бәрі «тамаша болады». Қазір нашақорды инесінен емес, бейнесін танудың өзі қиын.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2022
Ел сарбаздары әскери жарыстарда шеберліктерін паш етуде. Жуырда халықаралық армия ойындарында топ жарған отандастарымыз Армения жерінде өткен «Бейбітшілік жауынгері» зияткерлік-кәсіби сайысында да дара шықты. Әзербайжанда ұйымдастырылған «Теңіз кубогы» сайысында екінші орынды иеленді.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Жол-көлік оқиғалары: Сәбилерді сақтайық
Күнде еститініміз – жол апаты. Жиілеп кеткені соншалық, адам өлімін ауыр қабылдамайтын болыппыз. «Жүргізушілер қатты жүреді» дейміз де қоямыз. Алаңдататыны сол, өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы – 9 пайызға, қайтыс болғандардың саны – 17 пайызға, жарақат алғандардың үлесі 9 пайызға артқан.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2022
Елімізде ұйымдастырылған VIII Халықаралық армия ойындары аяқталды. Он күн бойы сарбаздар түрлі тактикалық сайыста өзара кіл мықтыны анықтады. Жүлдегерлер Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында марапатталды.
Қоғам • 24 Тамыз, 2022
Қару ұрлағандар «қармаққа» түсуде
Құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасына қатысты кезекті деректерді ұсынды. Тергеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқандықтан, шын кінәлілерге жаза кесіліп, қолды болған қару-жарақтар табыла бастады. Осы және өзге де ресми ақпараттар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
Астанада өткен «Super Bol» жобасының шешуші кездесуіне әлемдік футболдағы есімі мәшһүр төрешілердің бірі Равшан Ирматов қазылық еткені белгілі. Өзбек маманы – әлем чемпионаттарының 11 кездесуінде бас төреші болған рекорд иесі. 2015 жылы әлемнің үздік төрешісі, сондай-ақ Азия құрлығының 5 мәрте үздігі атанған тәжірибелі судьямен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2022
Сапта – дес бермейтін десантшылар
Әңгімеміз – әскерден алған әсер. Кабинетте отырғаннан гөрі әскери техниканың кабинасында отырып сия төккен тәуір деп шештік. Сөйтіп, елорданың шетінде орналасқан Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамындағы 68665 десанттық-шабуылдаушы әскери бөлімін бетке алдық. Сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып, бір жылдық ғұмырының мәнісіне үңілдік.
Футбол • 21 Тамыз, 2022
«Super bol»-дан суырылып шықты дара
Футболшы боламын деген арманын тәрк етіп, амалсыздан өзге салада еңбектеніп жүргендер жетерлік. Елімізде қолға алынған «Super Bol» бірегей жобасы шеңберінде тасада қалған таланттардың тынысы ашылуына жағдай жасалды. Осы уақытқа дейін жер-жерде іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, 16 мен 25 жас аралығындағы 6 мың үміткердің ішінен 25 үздік суырылып алға шыққан еді. Жуырда жоба өз мәресіне жетіп, кіл мықтылар кәсіби түрде мансабын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сұхбат • 18 Тамыз, 2022
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Орта жолда жоспарымызды өңдеп, жөндеп, Жаңа Қазақстанға аяқ бастық. Ендігі жерде ел еңсесі тік, әр қадам нық болуға тиіс. Әр салада салмақты жобалар жүзеге асып, жан-жақты жұмыстар өз нәтижесін беруі керек. Жасыратыны жоқ, Қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғау саласындағы жаңашылдықтарды күтіп отырғандар көп. Тәртіп сақшылары әділет жолында ескі жүйені тәрк етіп, есті жүйені құруға атсалысқаны абзал. Осы және саладағы өзге де өзекті мәселелерге үңілу үшін запастағы полиция генерал-майоры, профессор Мирлан Қызыловпен сұхбаттасқан едік.