Оралхан АХМАДИЯ
Оралхан АХМАДИЯ«Egemen Qazaqstan»
326 материал табылды

Қоғам • 18 Тамыз, 2022

Соратын «дәрі» сорлатып тұр

Бұрындары нашақорлық десе, қолына ине салғандар көзге елестейтін еді. Қоғам алға жылжыған сайын кеселдің де түр-түрі шыға бастады. Қазір тамақ ауырса соратын «Мукалтин» дәрісі сияқты есірткілер жиі тәркіленетін болған.

Қоғам • 16 Тамыз, 2022

«Тальгодағы» талан-тараж

Темір жол көлігі саласындағы тепсе темір үзетін азаматтардың жем­қор­лық­тың жетегінде кеткені белгілі. Оны қойшы, кейде өзіміз де билет болмаса ақша қыстырып, қыстырылмай діттеген жерімізге жетуге асықпыз. Енді еркіндікке жол жоқ. Антикор «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық қаупі бар-жоғын анықтауға мықтап кірісті.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Есірткі саудагерлері есіріп барады

Есірткіге есі кеткендер жайлы жиі еститін болдық. Құтырғандары құрықталды, құтылғандары қаншама?! Биыл 7 айдың ішінде елімізде 1 491 есірткі қылмысы тіркеліп, 4,5 тонна ұнтақ тәркіленген. Зиянды заттар өртенер, жастардың өмірі «өртеніп» жатқаны өкінішті-ақ.

Қоғам • 10 Тамыз, 2022

Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?

Күні-түні дамыл таппай шап­қы­лап жүретін учаскелік инс­пекторлардың жұмысы жеңіл деп айта алмаспыз. Үйдегі былық­ты да, қорадағы ұрлықты да, ауыл ішіндегі сұмдықты да тәртіп сақшысының көмегімен шешуге асықпыз. Әйтсе де, «Керек кезінде таппай қаламыз» деген тұрғындардың шағымы да шаш-етектен. Бүтін бір ауылдың тәртібіне жауапты учаскелік инс­пектор міндетін мінсіз атқарып жүр ме?

Қоғам • 08 Тамыз, 2022

Кедергісіз орта керек

«Қоғам қатыгез болып барады» деп байбалам салғанменен, жақсылап зер салсаң, жарқын жақтары да жалт ететіні бар. Бұрындары арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркеп қарайтын едік. Қазір ыстық ықылас танытатындар қатары көбейді. Десе де, әлі күнге мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жиі бұзылатынын жасырып қайтеміз.

Қоғам • 07 Тамыз, 2022

Электронды шылымға шырмалғандар

«Әкел, бір тартып көрейінші. Уау, қаншаға сатып алдың?». Әдетте, жас­тар арасындағы электронды темекіге деген құмарлық осылай басталады. Қатарластарына қызығады. Өкініштісі сол, жастық шақта жұққан жаман әдет кәріліктің ауылына қадам басқанға дейін қалмайды. Жөн сұрасаң, жөтеліп отырғаны...

Қоғам • 07 Тамыз, 2022

Әскердегі әлімжеттік

О-о-оңға! С-о-олға! Бала кезде сарбаз болуды армандағандар қазір әскерден қашып, оң-солын ажырата алмай жүр. Төртінші курстың студенттері «қайда жұмысқа орналасамын?» деп емес, «қай әскери бөлімге алып кетеді екен?» деп алаңдайтыны рас. Майтабандардың өзінен сабыр қашқан. «Ірілері» іріктеуден іркілмес. Жүйке жүйесі әлсіздер де әскерге аттанып, суицидтің жиілеп кетуі содан емес пе екен?

Қазақстан • 04 Тамыз, 2022

Шетелдік тәжірибеге сүйенеді

«Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының маңызды бағыттарының бірі – сайлау жүйесін жаңарту. Шетелдік тәжірибеге сүйеніп, саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде құзырлы органдар сол бағытта жұмыс істеп жатыр.

Қоғам • 03 Тамыз, 2022

Синтетикалық есірткіге есіргендер азаяр емес

Былтыр елімізде есірткі қылмыстары Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында көп тіркелген. Жыл басынан бері тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде ашылған қылмыстар аз емес.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Тамыздағы ахуал

Елордада Қаңтар оқиға­сы­­на қатысты тергеу жұ­­­мыс­­тарының барысы тура­­лы брифинг өтті. Бас Про­куратураның Арнайы про­курорлар қызметі бас­ты­ғының орынбасары Нұрлыбек Сәбитовтің мә­ліметінше, осы уақытқа дейін 474 іс сотқа жолданып, 717 адамға түрлі жаза кесілген. Соның ішінде 92 азамат қаруды ұрлау мен сақтауға байланысты ауыр қыл­мыстар жа­сағаны үшін бас бос­тан­дығынан айырыл­ған.