Аймақтар • 05 Шілде, 2022
Жалған шот-фактура жарға жықты...
Соңғы уақытта Павлодар облысында тіркелген алаяқтық фактілердің сюжеті криминалды фильмдерден кем емес. Екібастұзда полиция формасын киіп, тұрғындардың ұялы телефонын тексеру кезінде онлайн несие ресімдеген пысықайлар ұсталған еді. Жақында жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан екі айлакер құрықталды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2022
Зауыттың мәселесі «вагон-вагон»...
Павлодардан шыққан алғашқы контейнерлік пойыз Түрікменстан мен Иран аумағын басып өтіп, Түркияға жетті. Пойыз Тегеранға аялдаған сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран президенті Ибрахим Раиси жобаның маңыздылығын айқындап, әріптестікті одан әрі күшейтуге уағдаласқан еді.
Аймақтар • 30 Маусым, 2022
Тай-Өлеңті ауылының 60 жылдық тойы дүркіреп өтті. Мерейлі мерекенің қызығы мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырып, аста төк ас берумен өлшенбесе керек. Мұны қаперіне алған ауыл жұртшылығы, өзге өңірде жүрсе де туған жерінің туын биік ұстаған азаматтар «60 жылдыққа – 60 игі іс» акциясын жүзеге асырды. Ауылдың өміріне қан жүгіріп, әп-сәтте құлпырып шыға келді!
Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Төрт түлігі түгел болса, төбедегі келетінін түсінген ауылдағы ағайын ауыл шаруашылығы саласына аяқ басудан қашқан емес. Жеке аулада бес сиыр, онға жуық ұсақ малды ұстайтындарды айтып отырғанымыз жоқ. Ебін тапқандар мемлекеттік қолдауды пайдаланып, шаруашылық құрып, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Малдың санын арттыру былай тұрсын, асылдандыруға асығуда.
Аймақтар • 29 Маусым, 2022
«Жаңа Қазақстан» идеясы жария етілгеннен бері павлодарлық биліктің жұмыс жоспарына оң өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн. Шалғайдағы тұрғындардың ұсыныс-пікірі ескеріліп, жаңа бағдарламаның мәтіні қағазға түскен. Небәрі бір аптаның ішінде 2,5 мыңға жуық өтініш қабылданды. Сауалдардың 60 пайызға жуығы жұмыссыздық және жастар мәселесіне қатысты. Осы және өзге де тың қадамдар Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Театр • 28 Маусым, 2022
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр – таңғажайып әлем. Рухани азығың аздық етсе, жан дүниең тозып бітсе, театрға бар. Соңғы жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының табалдырығын аттап жүрген көрермен көп. Олардың бәрі рухани тозғандықтан емес, өркениетке қол созғандықтан өнер ордасын жағалап жүр. Гүлімен келмесе де, рухты замандастың бірімен еріп, қазақ театрына қолдау көрсетеді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2022
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Соңғы уақытта өңірде IT саласы қарқынды дамып келе жатқанын ескерсек, министр кадр даярлау ісіне басымдық беруді тапсырды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Соңғы уақытта Ақкөл Жайылмадағы Исабек ишан кесене кешеніне келушілер көбейді. Қазақстанның киелі жерлері географиясына енген кешенге Ресейден де ат басын бұратындар баршылық. Осы орайда, алыс жолды артқа тастап келетін зиярат етушілерге кешен басында қолайлы жағдайдың жасалғаны дұрыс. Осыны қаперіне алған Исабек ишан ұрпақтары 30 орындық қонақүйдің құрылысын бастап кетті.
Қоғам • 22 Маусым, 2022
Жастардың проблемасы жетерлік. Биік мінберлерде айтылып-ақ жүр. Шешу жолдары да ұғынықты. Енді сөзден іске көшетін кез келді. Қаңтар оқиғасының ортасынан көбіне жұмыссыз жастар табылғандығын ескерсек, пайдалы жобаларды жүзеге асыратын уақыт жетті. «Жаңа Қазақстан» идеясының мақсаты да сол емес пе?!
Аймақтар • 21 Маусым, 2022
Павлодарлық диқандар көктемгі егіс жұмыстарын аяқтап, енді жауын-шашынның молынан түсуін тілеп отыр. Суармалы алқабы бар шаруалар бұған аса алаңдай қоймас. Олардың ойында – егін бітік шығып, өнімді тиімді бағамен сатудың амалы. Не десек те, мемлекеттің шапағатын сезініп отырған жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ішкі нарықты сапалы өніммен қамтуға атсалысқаны абзал.