Оралхан АХМАДИЯ
Оралхан АХМАДИЯ«Egemen Qazaqstan»
326 материал табылды

Референдум-2022 • 03 Маусым, 2022

Ел ертеңін айқындайды

Кеше облыс орталығында «Референдум: Әділетті Қа­зақ­стан жолында» атты Sarap сарапшылық клубының ай­мақтық оты­рысы өтті. Жиында конституциялық рефор­маның ма­ңыз­дылығы тілге тиек етіліп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Көмірлі өңір һәм жылусыз өмір

Екібастұз қаласындағы магистралды су құбырларының 68 пайыз­ы, жылу желілерінің 86 пайызға жуығы әбден тозған. Жыл­дар жылжыған сайын ескірмесе, жаңаратын түрі жоқ. Соның салдарынан тұрғындар қыста пәтерінде бүрсеңдеп, ауру­ха­наның есігінен сығалауға мәжбүр. Ал әкімдіктің табал­дырығын тоздырып болған. «Етікші етікке жарымапты» демек­ші, көмірге «көмілген» өңірдің өмірі өкінішпен өтіп жатыр.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2022

Мәслихаттардың ықпалы артады

Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы «Восточный» көмір өндіру кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Әскердегі әдеби күн

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5512 әскери бөлімінің және Ertis Media ЖШС-ның мұрындық болуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және «Naızatas» әдеби-көркем журналының 10 жылдығына орай «Әскери бөлімдегі әдеби күн» кездесуі өтті.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Мәшһүр Жүсіп оқуларының мәртебесі биік

Жақында Екібастұз қаласында ІІ республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен талантымен танылған талаптылар топқа кіріп, босқа келмегендерін дәлелдеп бақты. Қатысушыларға Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барып, бабаға тәу ету бақыты бұйырды.

Қоғам • 23 Мамыр, 2022

Балалық шақтың аспаны

Павлодар облысының орталығындағы М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының алаңында «Балалық шақтың аспаны» атты балалар фестивалі өтті. Сән-салтанаты келіскен іс-шара балдырғандарға Балалар жылының шаттығын сезіндірді.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Терезеден құламасын сәбилер...

Былтыр Павлодар облысында 9 балдырған терезеден құлап, екеуі жан тапсырған. Жалпы, соңғы бес жылда өңірде 50-ге жуық оқыс оқиға тіркеліп, жиырма шақты сәбидің өмірі үзілді. Көңіл көншітерлік көрсеткіш емес, әрине.

Спорт • 19 Мамыр, 2022

Алтын қыз

Шара десе, қазақтың маңдайына біткен биші қызы ойға оралады. Ал әңгімеміздің кейіпкері Шара Хамзина спорт саласында маңдай терін төгіп, халықаралық жарыстарда облыс былай тұрсын, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Алысқа бармай-ақ қояйық, ержүрек қыз 12-15 мамыр күндері Түркияда өткен Әлем кубогында алтыннан алқа тақты. Осылайша, екінші рет аталған жарыста топ жарып отыр.

Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Уәдең қайда, шенеунік?

Осыдан шамамен он жыл бұрын Павлодар қаласының әуежайына жақын аумақта үй­лердің іргетасы салы­на бас­тады. Ше­неу­нік­тер ол жерде бар­лық инфрақұрылым жұ­мыстары жүргізіледі деп жар салған соң үй салуға асыққан ағайын жер алып, кірпіш тасып, шама-шарқынша әрекет етті. Тіпті сән-салтанаты келіскен коттедж­дер де бой көтерді. Өкініштісі сол, бір ауылға айналған аумақта әлі күнге дейін уәде етілген жылу құбырлары тартылған жоқ.

Қаржы • 18 Мамыр, 2022

Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?

Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Екібастұз қаласындағы шағын индустриялық аймақты дамытуға ниетті. Көмірлі шаһарды таңдауы бекер емес. Мұнда жарықпен жарылқайтын ірі электр стансалары орналасқан. Қала берді, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бұл өңірге республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінеді.