Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Орман отқа оранды деген таңсық емес, бірақ мектепті жалын шарпуы жұртшылықты елең еткізгені рас. Сәуірдің 15-і күні Павлодар қаласындағы үш қабатты №1 орта білім беру мектебінен өрт шықты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
«Павлодар қаласы сусыз қалады» дегенді естіген жергілікті тұрғындар абдырап қалғаны рас. Шалғайдағы елді мекендердің өзі сапалы ауыз судың қызығына кенеліп жатқанынан хабардар шаһарлықтар түсініксіз ойдың жетегінде жүргені жасырын емес. Мәселенің мәнісіне үңіліп көрелік.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Төрт түлігін танымайтындар да бар
Биылғы 4 айда Павлодар облысында мал ұрлығының 19 фактісі тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, санда еш өзгеріс жоқ. Ал қылмысты ашу бойынша оң нәтиже байқалады. Бес емес, он емес, он сегіз қылмыстың «кейіпкерлері» қолға түсіпті! Десе де, тәртіп сақшылары жағымсыз жағдайды болдырмау маңызды екенін айтады.
Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Жастардың сайлау процестеріне қызығушылығын арттыру қажет
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров Павлодар облысындағы жұмыс сапары кезінде Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылындағы №189 сайлау учаскесінде болып, ауылдық округ әкімінің сайлану барысымен және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысты.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Көрдің бе сен, Баянның шың-құздарын...
Табиғаты тамаша, кеңістігі керемет Баянауылда баянды ғұмыр кешу бір ғанибет! Жергілікті тұрғындардың «Баянауылданмын» деп марқаятын жөні бар. Талай талантты тұлғаны бесігінде тербеген сұлу өлкенің әр тасы сыр сақтап жатыр.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Мүлік иелері бірлестігі: Миссия орындала ма?
Елімізде «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы шеңберінде пәтер иелері кооперативтерінің орнына МИБ (мүлік иелері бірлестігі) пен қарапайым серіктестіктер құрыла бастағаны белгілі. Жаңа жоба карантин шектеулерінің салдарынан «үзіліс» алып, жабулы қазан жабулы күйінде қалып қойғаны белгілі. Індет ініне кіре бастағанын ескерсек, жаңашылдықтың жайы не болып жатыр? Тұрғындар неге асығыстық танытар емес?
Аймақтар • 18 Сәуір, 2022
Соңғы жылдары Павлодар облысында киіктердің саны артып, 8 мыңнан асып отыр. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Браконьерлер құтырса құрықталатынын сезген болуы керек, әзірге өңірде заң бұзушылықтар жоқтың қасы. Есесіне, шаруалар зар қақсауда. Төрт түліктің азығына ортақтасқан киіктер әбден әбігерге салған. Киелі жануардың саны артқан сайын проблема да көбейе түсетінін жасырмайды.
Білім • 15 Сәуір, 2022
Павлодарлық оқушылар халықаралық білім додаларында топ жарып жүр. Балаларды ынталандыруды естен шығармаған жөн. Бұл ретте, Павлодар педагогикалық университетінің басшылығы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған 10 оқушыға тегін оқу грантын үлестірді.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2022
«Сақалды» құрылыстың былығы көп
Павлодар қаласында шаһардың шырайын бұзған «сақалды» құрылыстар аз емес. Кәсіпкерлердің жобаны аяқтауға қаражаты жетпеді ме екен, әлде іргетасы қаланғаннан кейін жайбараттыққа жол берді ме екен? Не десек те, облыс әкімдігі бұл мәселені шешуді мықтап қолға алғаннан бері кейбір құрылысқа қан жүгіре бастады.
Қоғам • 13 Сәуір, 2022
Маман тапшылығын жою – маңызы зор мәселе
Ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Шаруалармен жолығып қалсаң, әңгімесін субсидия мәселесінен бастап, ветеринар мен механиктердің қажеттілігімен жалғастырады. Зейнеткерліктің ауылына қадам басқан тәжірибелі мамандар ай-күнін санап отыр. Жастардың ауылға баруға ниеті аз. Қайтпек керек?