Оралхан АХМАДИЯ
Оралхан АХМАДИЯ«Egemen Qazaqstan»
326 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2022

Қысқа жолға қаржы бөлінбей ме?

Соңғы жылдары Павлодар облысында жолды жаңарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тіпті Кеңес заманынан бері асфальт төселмеген жолдар жаңа кейіпке енуде. Десе де, жыл сайын шамамен 500-600 шақырым жолдың тозғаны анықталады екен. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын сапасыз атқарады деп күмән келтірсек, құзырлы органдар көлік қарқыны артып, сәйкесінше жол жабындысына түсетін жүктің көбеюімен байланыстырып отыр.

Білім • 05 Мамыр, 2022

Ұпайың түгел болсын, талапкер!

Мектептерде соңғы қоңырау соғылатын уақыт таяу. Қазір түлектердің бар ойы Ұлттық бірыңғай тестілеумен байланысты екені даусыз. Ата-аналар да алаңдаулы. Ұстаздар да ұстамды болуға тырысып-ақ жүр.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2022

Таразыдағы таңдау һәм табиғи өнім

«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді» десе, тұрғындардың елең ете қалатыны рас. Нарық екі бүйірден қысқан заманда қалаған өнімі арзан бағамен сатылғанда қуанбай қайтсін?! Бүгінде облыс орталығында жәрмеңкенің «жүгін арқалайтын» фермерлік базардың құрылысы басталып кетті. Сатушыларға да, сатып алушыларға да тиімділігі мол тың жобаның жай-жапсарына үңіліп көрелік.

Экономика • 04 Мамыр, 2022

Қайта өңдеу ақсап тұр

Былтыр Павлодар облы­с­ының агроөнеркәсіп ке­шенінде оң нәтижелер тіркеліп, салаға жауапты басшылар сүйінші сұрап, мәре-сәре күй кешкені рас. Әрине, еңбек – шаруаныкі. Өңірде соңғы 30 жылда алғаш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жи­налды. Картоптың да түсі­мі мол. Қоймаға 600 мың тонна «екінші нан» жө­нел­тілген-ді. Пысықай бизнес­мендер құр жатсын ба, жер­гілікті картопқа амери­ка­лық компания басшылы­ғының назары түсіп отыр.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2022

Баспана бақыты

Пандемия уақытында жедел жәрдем қызметкерлері «майданның» алғы шебінен табылып, үлкен ерлік көрсетті. Жай уақытта да адам өміріне араша болып, антына адал екендіктерін іспен дәлелдеуде. Олар барлық мақтауға лайық. Осы ретте кеше Екібастұз қаласындағы жедел жәрдем қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды.

Өнер • 28 Сәуір, 2022

Шахимарданның шашуы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Шахимардан Әбілевтің есімі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Жақында дарынды өнерпаз жерлестеріне, яғни павлодарлықтарға тамаша тарту жасады. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы және «Абай жолы» романының 80 жылдығына орай «Абай жолы: ой-толғау» атты моноопераның премьерасы өтті.

Таным • 28 Сәуір, 2022

Үкіден неге үркеді?

Қазақ халқының дүниетанымында үкі қасиетті құс деп саналған. Үлпілдек жүнін әсемдік үшін ғана кәдеге жаратпай, онда бір қасиет бар деп есептеген. Құстың қауырсынындағы бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Әттеген-айы сол, соңғы уақытта бұл ырым ұмыт болып, тіпті «Құдайға серік қосу» деп қарсылық білдіргендер қаптап барады. Сонда әулие Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тақиясына тағылған үкінің қасиетсіз болғаны ма?

Аймақтар • 25 Сәуір, 2022

Ажарлы аялдама

Екібастұз қаласында ерекше аялдама пайда болды. Көмірлі шаһардың тұрғындары автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді. Иә, қалыс естіген жоқсыз. Осылайша, құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға креативті түрде назар аудартуды көздеп отыр.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2022

Тазалық өз аулаңнан басталады

Күн нұрын төге бастап еді, павлодарлықтар ауласын қоқыс­тан тазартуға көшті. Ешкімді мәжбүрлеу жоқ. Тұрғын­дар әндетіп жүріп, шаруасын тындырып жатыр. Жуық­та облыс орта­лығында Jasyl Cross-2022 экомарафоны ұйымдас­ты­рылды. Қатысушылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, Усолка жағасындағы қалдықтарды жинады.

Қоғам • 21 Сәуір, 2022

Балабақша – базарлық

Жасыратыны жоқ, шалғай жатқан ауылдарға инфрақұрылым игілігі кеш жетеді. Жаңашылдықты сарғая күткен тұрғындар өзге өңірге қоныс аударып, елді мекендер елсіз қалатыны рас. Тұрғындарды тұрақтандыру мақсатында ілкімді істердің жедел қолға алынуы маңызды.