Аймақтар • 11 Сәуір, 2022
Сәтбаев каналынан су босатылды
Табиғатты қорғау мақсатында Сәтбаев атындағы каналдың №112 су жіберу құрылғысынан Шідерті суармалы арнасына су босатылды. Жуырда газетімізде жарық көрген «Апатты «қолдан жасап» алмасақ игі» деген мақалада павлодарлықтардың суды молынан босату жөніндегі тілегі жазылған-ды. Қуанышқа орай, шаруалардың ұсынысы ескеріліп, биыл 120 млн текше метр су жіберілмек!
Аймақтар • 11 Сәуір, 2022
Былтыр Екібастұзда куәгерлердің көзінше ер адамды атып өлтірген сұмдық оқиға көмірлі шаһар тұрғындарының есінен шыға қойған жоқ. Мұндайды әдетте кинодан тамашалайтын екібастұздықтар қаладағы криминогендік ахуалға алаңдай бастағаны рас. Жалпы, бүгінде облыстағы жағдай қалай? Тәртіп сақшылары маңызды міндетін мінсіз атқарып жүр ме?
Аймақтар • 08 Сәуір, 2022
Павлодар облысында суармалы алқап туралы әңгіме қозғалса, жергілікті билік Ертіс-Успен каналының құрылысын алға тартады. Себебі ауқымды жоба 10 мың гектар жерді суармалы алқапқа айналдыруға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, бүгінде каналдағы құрылыс жұмыстары тұралап қалған. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобаның аяқталуына шамамен 4 млрд 600 млн теңге қаражат қажет.
Әдебиет • 07 Сәуір, 2022
Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ірі тұлғалардың бірі – жазушы, драматург, әдебиет зерттеуші Зейін Шашкин. Ол қысқа ғұмырында әдебиетке тың серпіліс әкелді. Облыс орталығында орналасқан Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде жазушының жеке заттары сақтаулы.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2022
Еліміздегі шаруалардың мәселесі шаш етектен. Әсіресе, ұсақ шаруашылықтардың ұпайы түгел емес. Шалғайдағы мал ұстаған ағайынның мұңы шенеуніктердің құлағына жете бермеуі мүмкін. Бұл ретте «Шопан ата» мал өсірушілер ұлттық қауымдастығының өкілдері павлодарлық фермерлермен жүздесіп, проблемаларымен танысты.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2022
Соңғы уақытта Павлодар облысында қазақтың дәстүрлі ән-күй өнерін жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Өткенде өңірде алғаш рет қылқобыз үйірмесі өз жұмысын бастаса, жақында еліміздегі тұңғыш Майра мектебі есігін айқара ашпақ.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2022
Сәуірдің 5-і күні Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай филиалы аумағында шамамен 300 га жуық жер отқа оранды. Жабағылы ауылында біреу жиналған шөпті қасақана өртеген деген болжам бар.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2022
Жаңашылдыққа жетелеген жүздесу
Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен жаңа форматтағы кездесуін Ертіс ауданынан бастады. Екі күн бойы жергілікті халықпен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін назарға алды. Қаузалған мәселелердің шешілу барысынан хабардар ету үшін біраз уақыттан кейін тағы кездесуге уәде берді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының көздегені де – осы.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2022
Павлодар-Оңтүстік стансасынан Қытайдың Ланьчжоу қаласына 1 400 тоннадан астам күнбағыс тиелген 54 контейнерлі пойыз жолға шықты. Бұл маңызды оқиға «Кедентранссервис» АҚ Павлодар облысы филиалы тарихының жаңа парағын ашты. Пойыз толығымен аталған мекеменің вагондарынан жасақталған.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2022
Жуырда газетімізде «Шолақсор тағы су астында қалуы ықтимал» деген тақырыппен мақала жарияланған еді. Біздің мақсатымыз – әлдекімді қаралау емес, апаттың алдын алу үшін дер кезінде әрекет етуге шақыру болатын. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, өңірде еріген қардың салдарынан бірнеше үй су астында қалды.