Өнер • 07 Маусым, 2022
Баянауылдай сұлу өлкеде өсіп-өніп, қазақ өнерінде өшпестей із қалдырған Кәукен Кенжетаев жайлы шығармашыл қауым сайрай жөнелсе де, қазіргі жастар біле бермеуі мүмкін. Шәкенмен шектелетініне шүбә жоқ. Жаз маусымы басталған уақытта Баянауыл демалыс аймағына ағылатын туристерге жергілікті тарихи тұлғалар жайлы пайдалы ақпарат берілсе артық етпейді.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Балалар жылының базарлығы той-думанмен шектелмесе керек. Осыны ескерген Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы ерекше ойынды ойлап тапты. «Күй аңыздары» атты ұлттық нақышта безендірілген компьютерлік ойын балалардың құмарын қандырып қана қоймай, күй құдіретін сезінуге септігін тигізбек.
Экономика • 07 Маусым, 2022
Павлодарлықтар «зауыт салынады» деген хабарды естісе шошитын болған. Әсіресе экологтер қара бұлтты төндіруге асық. Шенеуніктер болса, жаңа жұмыс орындары ашылатынын түсіндірумен әлек. Жақында өңірде тағы бір кәсіпорын іске қосылды. Жаңа зауытта мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығарылады. Жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.
Өнер • 06 Маусым, 2022
Qagan этнофьюжн тобының өнерін тамашаламай жатып-ақ ерекше әсерде боларыңыз анық. Өнерпаздардың киімі, жүріс-тұрысы тарих қойнауына сүңгітіп, рухыңды асқақтата түседі. Жақында аталған ұжым Моңғолияда өткен халықаралық Asia folk – 2022 байқауының күміс жүлдегері атанды.
Қоғам • 06 Маусым, 2022
Соңғы жылдары Екібастұз қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мәселен, екі жарым жыл ішінде көрсеткіш 22 мың шаршы метрден 66 мың шаршы метрге артып отыр. Сәйкесінше, баспана бақытын сезінгендердің қатары көбеюде.
Аймақтар • 06 Маусым, 2022
Қазақ КСР-нің Халық әртісі, ақын Шахан Мусиннің елеусіз қалғаны жайлы ел газеті – «Egemen Qazaqstan» аз жазған жоқ. Бұған дейін сериялы мақалалар жарық көріп, облыс билігіне ұрпақтары мен жоқтаушыларының базынасын жеткізген еді. Еңбек еш кетпеген секілді. 31 мамыр күні ақынның туған жері Май ауданы Ақжар ауылындағы мектеп алдында Шахан Мусиннің бюсті бой көтерді.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Павлодарлықтар белсенділік танытуда
Сағат 12.00-ге дейін павлодарлықтардың 51,17 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Облыс тұрғындары әзірге республика бойынша белсенділік танытқан үздік үш аймақтың қатарында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Павлодар педагогикалық университетінде орналасқан №18 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны қызу. Алғашқылардың бірі болып 80 жастағы Жаңыл Зейнуллина өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Павлодарда 528 референдум учаскесі жұмысын бастады
Павлодар облысындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 7.00-де өңірдегі 528 референдум учаскелерінің есігі ашылды. Жаңбыр жауып, ауа райының ыңғайсыздығына қарамастан кәрі-жас демей, өз таңдауын жасауға асығуда, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Шағын Көк Туды қолға ұстап көрсеңіз де, мемлекеттік рәміздерді жасатуға тапсырыс берген жоқ шығарсыз. Ол іспен айналысатындар туралы ойға да алмауыңыз мүмкін. Білесіз бе, бұл шаруамен шағын цехты шаңдатып екінің бірі айналыса алмайды. Арнайы лицензия керек, оған қол жеткізу үшін де қатаң талаптарға сай болу қажет. Содан болар, ел нарығында жауапкершілігі мол іспен айналысуға бел буғандар көп емес.