Қоғам • 25 Шілде, 2022
Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда
Оқушылардың жазғы каникулы басталысымен балалардың қауіпсіздігі мәселесі алдан шығады. Ата-аналардың қарауынсыз түнгі уақытта серуендеп, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерді жағалап кететін жеткіншектер бар. Мұның арты қайғылы жағдайға апаратын оқиғалар аз емес.
Қазақстан • 24 Шілде, 2022
Сайлау жүйесі: Сенім мен селқостық
Сайлау десе жұртшылықтың елең ете қалатыны рас. Дауыс беруге бармағандардың өзі «кім жеңіске жетті екен?» деп сайлаудың қорытындысын білуге асық. «Менің дауысым не шешеді?» дегендердің үйдің сыртында саясат жайлы сайрай жөнелетінін көрдік. Сайып келгенде, елдің тағдыры шешілетін маңызды науқан жайлы әр тұрғынның өзіндік пікірі бар. Ендігі жерде сайлаушылардың белсенділігін арттырып, баянды болашаққа деген сенімді қалыптастыру маңызды.
Қоғам • 24 Шілде, 2022
Жері бардың малы жоқ, малы бардың жері жоқ...
Біреу жайылымдық жерге зар. Ал біреу иелігіндегі жерді игермей алаңсыз отыр. Мемлекеттің меншігі болғандықтан жайбарақаттыққа жол жоқ. Соңғы жылдары Павлодар облысында шаруа қожалықтарының иелігіндегі пайдаланылмай бос жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.
Аймақтар • 21 Шілде, 2022
Мектеп құрылысы кестеден кешікпесе игі
Павлодар облысында «Заманауи мектеп» жобасы шеңберінде ажары келіскен білім ордалары аз емес. Былтыр 6 мектеп күрделі жөндеуден өткен еді. Оның екеуі Ақсу қаласында орналасқан. Биыл да көптеген ақсулық оқушылар білім күнін жаңа кейіпке енген мектепте қарсы алмақ. Жақында Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким мен Анатолий Бойчин Ақсу қаласында болып, №4 орта мектептегі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Қоғам • 20 Шілде, 2022
Жол қауіпсіздігі жүргізушілерге байланысты
«Жол амандығын берсін» деп ақ ниетпен сапарға аттанғанымен, кейбір көлік жүргізушілері асфальт жолды көргенде арқасы қозып кететін сияқты. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген автомобильдер барар жеріне жете алмай, талай тағдыр үзілді. Жазғы маусым басталғаннан бері елімізде жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткені рас. Саяхаттауға аттанғандар «мәңгілік мекенге» аттанып жатыр.
Бизнес • 18 Шілде, 2022
Шағын индустриялық аймақтың шарапаты
Соңғы уақытта аудандарда шағын индустриялық аймақтар ашылып, қарапайым тұрғындар кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды. Бұған дейін идеясы болса да, «бизнесімді жандандыру үшін қомақты қаражат керек» деп тәуекелге бара қоймайтын. Жобаның тиімділігі сол, кәсіпкерлерге тегін ғимарат үлестіріліп, өзге де жеңілдіктер қарастырылған.
Медицина • 18 Шілде, 2022
Дәрігерлер ауылдарды аралап жүр
Ауылдағы ағайынның денсаулығы сыр берсе, «бір-екі күннен кейін жазылып кетер» деп жайбарақат жүретіні жасырын емес. Жаны көзіне көрінгенде ғана дәрігерге көрінуге асығатыны рас. Тіпті емші жағалап кететіндері де жетерлік. Бұл ретте шалғай ауылдарға қатынап жүрген медициналық жылжымалы кешеннің пайдасы зор.
Аймақтар • 18 Шілде, 2022
Павлодарлық 33 жастағы Андрей Карандашовтың қармағына балық түспесе де, халықтың назары түсті. Ол өмірін қатерге тігіп, ағайынды үш баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып алды! Көзсіз ерлік екені сөзсіз. Жұртшылық әлі күнге дейін әлеуметттік желілер арқылы «Жарайсың, Андрей!», «Міне, нағыз азамат!» деп ыстық ықыласын білдіріп жатыр.
Қоғам • 14 Шілде, 2022
Павлодарлық жас бишілер Грузияда өткен «Идеялар толқыны. Грузия» атты ІІ халықаралық фестивалде сегіз бірдей 1-орынды жеңіп алды! Осылайша, облыс орталығындағы М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Блэйз» және «Тип-топ» үлгілі эстрадалық би студиялары тәрбиеленушілері биге құмар әлем жұртшылығын өздеріне қаратты.
Аймақтар • 11 Шілде, 2022
Павлодар облысында Тәуелсіздік жылдардан бері қарай «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген екі азамат бар. Осыдан-ақ маңызды атақтың кез келгеннің уысына түспейтінін аңғара беріңіз. Бір қызығы, екеуінің де еңбек жолы Екібастұз қаласындағы «Шығыс» кенішімен байланысты. Әңгімеміздің кейіпкері – 40 жылға жуық уақыт бір кәсіпорында табан аудармай еңбек етіп, көмір өндіруде рекордтық көрсеткіштерді тіркеуге белсенді атсалысқан Мұрат Қайыргелдин.