Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Павлодарда ит «хит» болуда. Өткенде суреті тасқа қашалып, басына арнайы құлпытас қойылған үй жануарларының «қабірстанын» көргенде жағамызды ұстап едік. Кейін кейбір қоғам белсенділері итті серуендететін орын жеткіліксіз деп желпінді. Қаңғыбас иттер тұрғындарға қауіп төндіріп, оларды аулау жұмыстары басталған уақытта қоғам белсенділері тағы араша түсті. Жақында біреудің үш иті бір түнде көрші үйдің 12 ұсақ малын қырып салды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2022
Масаға таланып, масқара болмасын
Павлодарда масамен болатын «майданға» дайындық басталды. Жылда шыбын-шіркейдің шабуылынан шаршаған тұрғындар құзырлы органдардың қолын мезгілінен кеш сермейтініне қапалы. Байқауымызша, биыл бұл іске жауаптылар масадан бұрын оянған сияқты. Жуықта өңірге 35 тонна «Бактицид» препараты жеткізілді. Жалпы, биыл аталған биологиялық «қарудың» 70 тоннасы қолданылмақ.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Елімізде жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын жер де тарылғаны жасырын емес. Тіпті бұрыннан бері ауыл халқының азын-аулақ малы тебіндеп келген елді мекен аумағындағы алақандай жердің өзі жекенің қолына өтіп, жер дауы ушығып тұр.
Экология • 23 Наурыз, 2022
Апатты «қолдан жасап» алмасақ игі
Соңғы жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Ертіс – Қарағанды каналынан Шідерті өзенінің төменгі арнасына су жіберуге бөлінетін қаражат күрт қысқарып, жергілікті шаруаларды тығырыққа тіреп қойды. Мал ұстаған ағайын сапалы шөптен қағылды. Ол былай тұрсын, су мөлшерінің азаюы өңірдің флорасы мен фаунасына кері әсерін тигізбек. Сонда табиғи апатты қолдан жасамақпыз ба?
Қазақстан • 20 Наурыз, 2022
Әулие ақын Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама», деп жазып кеткен. Сол заманда көктемнің айшықты мерекесі қалай тойланған?
Аймақтар • 16 Наурыз, 2022
Шалғайдағы кейбір шаруашылықтарға барсаң, тұрмысы қаладағылардан кем емес. Жарық пен су мәселесі өз алдына, үйде жатып-ақ субсидия алуға өтініш беретін жағдайға жеткен. Агроөнеркәсіп кешенін цифрландырудың жарқын көрінісі бұл. Десе де, әлі де болсын бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түскен жөн.
Тарих • 15 Наурыз, 2022
Облыс орталығындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде 50 мыңнан астам жәдігер бар. Оның 15 мыңға жуығы даңқты тұлғалардың тұтынған заттары. Солардың бірі – ақын Диқан Әбілевтің шаңырағында сақталған балуан Қажымұқанның қызыл кәрден кесесі.
Қоғам • 14 Наурыз, 2022
Азық-түлік қауіпсіздігі: Ұн аз, қалды біраз...
Павлодарлық ұн өндірушілер дабыл қағып отыр. Көрші Ресей бидайды экспорттауға шектеу қойып еді, қордағы астықтың түбі көріне бастады. Шикізатты шетелден тасымалдасаң осы. Әйтпесе, астықты алыстан арбаламай-ақ жергілікті диқандардан да сатып алуға болар еді. Олар өнімін тиімді бағамен өзге елге сатуға ниетті. Бар гәп осында.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2022
Соңғы жылдары Баянауыл баурайында жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Аудан орталығындағы ахуал бұл. Шалғайдағы ауыл тұрғындары да жарықтың шарапатын сезініп отырғаны шамалы. Туристерді тартудан бұрын сапалы жарық тартып алған дұрыс-ау.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2022
Тәжірибелі диқандар сапалы тұқымның тұрақты өнім беретінін жақсы біледі. Өкінішке қарай, ұсақ шаруашылықтардың бағалысын сатып алуға мүмкіндігі шектеулі. Көрпесіне қарай көсіліп, қолындағы барын егеді. Не десек те, сапалы тұқым мол өнім кепілі екенін естен шығармаған жөн.