Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6692 материал табылды

Президент • 19 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Сәуір, 2019

Сенат Төрағасы Санкт-Петерборда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Сәуір, 2019

Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Сәуір, 2019

Мәжіліс депутаттары ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты

Мәжіліс депутаттары Санкт-Петерборда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2019

Бауыржан Байбек: Биыл 600-ден астам ауланы жаңартамыз

Биыл Алматы қаласында 600-ден астам аула жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында жазды.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2019

«Айбалта – 2019» оқу-жаттығуында армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасуы бойынша іс-шаралар өтті

«Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасу кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2019

Алматыда құбырлардың тоттануын болдырмайтын жапондық жабдық орнатылды

Mitsui & Co және Japan System Planning жапон компаниялары алғаш рет Алматы қаласында қолға алынған пилоттық жоба аясында ыстық сумен жабдықтау құбырына құбырлардың ішіндегі тотты жоятын ( диаметрі 108 мм) NMR Pipetector технологиясын қолданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 19 Сәуір, 2019

«Астана Опера» балет труппасы Мәскеуді тәнті етті

«Астана Опера» балет труппасы Мәскеудегі Кремль Сарайы сахнасында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Ресейлік көрермен қазақстандық әртістердің шеберлігін, сонымен қатар Н.Римский-Корсаков музыкасына М.Фокиннің хореографиясындағы атақты «Шехеразада» балетінің шынайы шығыс нақышын лайықты деңгейде бағалады. Елордалық театрдың репертуарына осынау балет «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен енген болатын. Труппаның өнер көрсетуі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2019

Биыл Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар 873 шақырым автожол жөнделеді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ұлан Әліпов Аякөз қаласында (ШҚО) «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катон Қарағай – Рахман қайнарлары», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолдарының 287-1073 шақырымындағы Осинов асуы мен «Қалбатау-Майқапшағай» автожол учаскелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Сәуір, 2019

Пәкістан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына 33-ші ел болып енді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) - (The Islamic Organisation for Food Security – (IOFS)) жүйелі түрде өзінің ауқымын кеңейтуде. Жыл сайын Ұйымға мүше елдердің саны артуда. Осы уақытқа дейін Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Иран, Мысыр, Кувейт, Қатар, Сенегал және тағы басқа мұсылман елдері АҚИҰ Жарлығына қол қойып, мүшелікке өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.