Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
788 материал табылды

Әлем • 15 Наурыз, 2021

Патшайым отбасын нәсілшіл деп айыптады

Сассекс гер­цо­­­гы Гарри мен гер­­­ц­о­­гинясы Ме­­­ган АҚШ-тың бел­­гі­лі теле­­жүр­гізушісі Опра Уинф­риге сұхбат берді. Патшайым отбасының мү­ше­ле­рі Ұлыбританиядан көшіп, ресми мін­дет­те­ме­лерінен бас тартқаннан кейін алғаш рет БАҚ бетінен көрініп отыр.

Парламент • 15 Наурыз, 2021

Полицияның сервистік моделін енгізу – сенаторлар назарында

Сенатта өткен кезекті «Үкімет сағатының» тақырыбы «Полицияның сервистік моделін заңнамалық қамтамасыз ету және Ішкі істер министрлігін бейінді емес функциялардан босату» тақырыбына арналды.

Парламент • 12 Наурыз, 2021

Сот жүйесінің ашық­тығы қамтамасыз етіледі

Парламент Сенатының Спикері ­Мәу­лен Әшім­баевтың төраға­лығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутат­тар сот жүйесін же­тіл­­діру және қоғамның сот­тарға деген сенімін арттыру, Кеден одағына мү­ше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Бірік­кен алқасы туралы шарт­қа өзгеріс енгізу, соны­мен қатар Найроби халық­аралық конвенциясын ратификациялау туралы заң жобаларын қабылдады.

Парламент • 11 Наурыз, 2021

Бюджеттен тыс қорлардың шығыны бақылауда болуы тиіс

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында бюджеттен тыс қорлардың шығыны тиісті орындардың бақылауында еместігі депутаттық сауалға негіз болды. Осы орайда 2019 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығыны 5,8 млрд теңгеден асқаны, қызметкерлердің жалақысына 4,4 млрд теңге жұмсалғаны, мұны аталған құрылымда жұмыс істейтін 850 қызметкерге бөлетін болсақ, әр маманға 434 мың теңгеден жалақы берілгені атап көрсетілді. Бұл елдегі орташа жалақыдан 2 есе көп.

Әлем • 09 Наурыз, 2021

Бангладеш бақылау құрылғыларын не істейді?

Израильдің «Хаарец» басылымы Бангладеш үкіметі израильдік компанияның телефондарды бұзуға арналған құралдары үшін кем дегенде 330 000 АҚШ долларын жұмсағаны туралы хабар таратты. Негізі, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмаған. Сонда Бангладеш үкіметінің көксегені не? Жалпы, соңғы кезде қай елде болсын хакерлер мен алаяқтардың көбейіп кеткені жиі айтылып жүр, алайда оған қарсы пәрменді шара қолданылар емес.

Парламент • 04 Наурыз, 2021

Коллектордың жосықсыз әрекетіне жол берілмейді

Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыс барысында бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды.

Тәуелсіздік • 01 Наурыз, 2021

Тәуелсіздік құрдастарының жобасы

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды.

Парламент • 26 Ақпан, 2021

Шетелдерде жазасын өтеп жатқан отандастарымыз елге қайтарылады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қатысты заң жобаларын қабылдады.

Әлем • 22 Ақпан, 2021

Мьянмадағы наразылық үдей түсті

Елдегі ірі қалалардың бірі – Мандалайдағы наразылықтардың арты қантөгіспен аяқталды. Екі мьянмалық оқиға орнында жан тапсырды. Еуропалық одақ сияқты халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығы Мьянма қарулы күштеріне тосқауыл бола алған жоқ.